Үлгерім кестесі жайлы жалпы ақпарат
Мектеп бойынша үлгерім кестесі оқу кезеңдерінің (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше параллельдің оқу үлгерімі мен білім сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл кесте мектеп басшысы не меңгерушісінің қолданылуына арналған.
Мектеп бойынша үлгерім кестесі барлық пәндер бойынша қорытынды бағалар толықтай қойылған соң, автоматты түрде толтырылады.
Мектеп туралы есептер бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-school
Мектеп туралы есеп 2 бөлімнен тұрады:
1-бөлім - Мектеп параллельдері туралы есеп;
2-бөлім - Параллерьдегі оқушылар туралы есеп.
1-бөлім Мектеп параллельдері туралы есеп
Үлгерім кестесін құру
Үлгерім кестесін құру үшін жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету қажет:
оқу жылы;
оқу кезеңі;
қажетті параллельдер (таңдау үшін сандардың үстінен басыңыз) немесе барлық параллельдер;
Есеп, “Есепті құру” батырмасын басқаннан кейін құрылады.
Кесте 15 ақпарат бағандарынан тұрады:
1. Параллель - сіз таңдаған бір немесе бірнеше параллель нөмірлері.
2. Статус (қалыптасты/қалыптаспады) - қажетті кезеңдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) барлық журналдар жабылған кезде, үлгерім кестесі сізге қол жетімді болады.
Ескерту! Аттестация бойынша баға қойылу қажетті оқушының бағасы енгізілмеген жағдайда, үлгерім кестесі қалыптаса алмайды. Бұндай жағдайда “Сынып бойынша үлгерім” кестесінен баға қойылмаған пәнді тауып, пән мұғаліміне ескерте аласыз.
3. Оқушылар саны - таңдалған параллельдегі жалпы оқушылар саны.
4. Оқу озаты - таңдалған параллельдегі жалпы оқу озаттарының саны.
5. Екпінділер - таңдалған параллельдегі жалпы екпінділер саны.
6. Үлгерушілер - таңдалған параллельдегі жалпы үлгерушілер саны.
7. Үлгермеушілер - таңдалған параллельдегі жалпы үлгермеушілер саны.
8. Аттестатталмады - таңдалған параллельдегі аттестатталмағандар саны.
9. Уақытша аттестатталмады - бір немесе бірнеше пән бойынша “уақытша аттестатталмады” бағасы қойылған оқушылар саны.
10. Бір пән бойынша “4” - таңдалған параллельдегі оқушылардың арасында бір ғана пәннен “4” алғандар.
11. Бір пән бойынша “3” - таңдалған параллельдегі оқушылардың арасында бір ғана пәннен “3” алғандар.
12. Білім сапасы % - білім сапасының пайыздық өлшемі. Есептеліну жолы:
((оқу озаттарының саны + екпінділер саны)/жалпы оқушылар саны)*100%
13. Үлгерім сапасы % - үлгерім сапасының пайыздық өлшемі. Есептеліну жолы:
((оқу озаттарының саны + екпінділер саны+үлгерушілер саны)/жалпы оқушылар саны)*100%
14. Орташа балл - параллельдегі оқушылардың барлық пәндер бойынша орташа балы. Есептеліну жолы:
Параллельдегі барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша бағалары қосылып, бағалардың санына бөлінеді.
Ескерту! Қосындыда “Сыналды/Сыналмады” бағалары есептелмейді.
15. Іс-әрекет
1 - жағдай.
Параллель қалыптаспаған жайғдайда, “Іс-әрекет” бағанында тұрған көрсеткі, сізді жабылмаған журналға бағыттайды.
*Параллельдегі бір немесе бірнеше жабылу қажет журналдар толықтай жабылмаған жағдайда, параллельдегі деректер толық қалыптаспай, оның орнында сызықшылар көрсетілінеді.
2 - жағдай.
Параллельдергі барлық журналдар жабылған кезде, “Іс-әрекет” бағанында тұрған көрсеткі, сізді сол бағандағы параллель оқушылары туралы ақпарат беретін бетке бағыттайды. Өту үшін көрсеткінің үстінен басыңыз.
Үлгерім кестесін Excel форматында жүктеп алу
Мектеп бойынша үлгерім кестесін Excel форматында жүктеп алу үшін, сүретте көрсетілген батырманы басыңыз.
2-бөлім Параллерьдегі оқушылар туралы есеп
Параллельдегі оқушылардың үлгерімін қарау
Белгілі бір параллель оқушыларының үлгерімі туралы көбірек ақпарат алу үшін, қажетті параллельді таңдап, іс-әрекет бағанындағы көрсеткіштің үстінен басыңыз.
Кесте 12 ақпарат бағандарынан тұрады:
1. Баға 5 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “5” бағасының саны.
Ескерту! “Баға 5” бағанында “Сыналды” бағасын алған кездер де есептеледі.
Мысалы: Арманда “Баға 5” бағанында 4 саны тұр, оның үшеуін арман математика, қазақ тілі, география пәндерінен алды, ал қалған біреуі - дене шынықтыру пәне бойынша “Сыналды” деген баға.
2. Баға 4 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “4” бағасының саны.
3. Баға 3 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “3” бағасының саны.
4. Баға 2 - таңдалған кезең ішінде оқушы алған “2” бағасының саны.
Ескерту! “Баға 2” бағанында “Сыналмады” бағасын алған кездер де есептеледі.
Ескерту! Баға “5”, Баға “4”, Баға “3”, Баға “2”, бағандарының астындағы сандар, сол бағаның САНЫН көрсетеді.
5. Аттестатталмады - оқушыға қойылған “Аттестатталмады” бағаларының саны.
6. Таңдалмады - оқушыға қойылған “Таңдалмады” бағаларының саны.
7. Уақытша аттестатталмады - оқушыға қойылған "Уақытша аттестатталмады" бағалар саны.
8. Босатылған - белгілі бір себеп бойынша сабақтан босатылған.
9. Категория - оқушы үлгерімі бойынша жататын категориясы (оқу озаты, екпінді, үлгеруші, үлгермеуші).
10. Субкатегория - бір ғана пән бойынша “4” не “3” бағасы болған жағдайда толтырылады.
11. Орташа балл - оқушының орташа балы. Есептеу жолы:
Оқушының барлық пәндер бойынша бағалары қосылып, бағалардың санына бөлінеді.
Мысал:
Хасанның барлық пәндер бойынша бағалары қосылып, бағалардың санына бөлінеді.
(3+3+4+4+4+3+3) / 7 = 3.42
12. Іс-әрекет - іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басу арқылы, “Сынып бойынша үлгерім” бетіне өте аласыз. “Сынып бойынша үлгерім” беті, белгілі бір сынып оқушылары туралы кеңейтілген ақпарат береді.
Сынып бойынша үлгерім беті:
Сынып бойынша үлгерім кестесі жайлы көбірек білу үшін сілтемеге өтіңіз:
https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/316667