KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Тоқсанның соңында мұғалімдердің журналдарды жабуы

Соңғы өзгерістер: 13.07.2026

Журналда қорытынды баға қою үшін мұғалімге:

"BilimClass" модуліндегі сол жақ мәзірде "Журнал" бөліміне өтіңіз

9efaa065f0ab003aeeed25cfdc166789.gif



Қажетті параллельді таңдаңыз


428297651f6647ad8c6e51cf835292dc.png



Қажетті сыныпты таңдаңыз

1e2243ff45f666a77e26730e1615d0b0.png


Тоқсандық немесе жартыжылдық қорытынды бағаны қою қажет пәнді таңдаңыз. Журналға өтіңіз.

02ef40c731c1ab1ae41e1e2a5ce891b5.png


Журналдарда бағалаудың келесі түрлері бар

1. Қорытынды баға

2. Сыналды/Сыналған жоқ

3. Қорытынды бағалау жоқ


7fd5173eaa205cf32e59fff08c5c4109.png


Егер сіздің журналыңызда бағалау түрі Қорытынды баға ретінде қойылса Сізге келесі қорытынды бағалар қол жетімді болады

    1. 5

    2. 4

    3. 3

    4. 2

    5. Уақытша аттестат. жоқ

    6. Аттестатталмады

    7. Босатылған

    8. Таңдалмады


77b8e734c5ccd1e974c57b395bb988e6.gif


Егер сіздің журналыңызда бағалау түрі Сыналды/Сыналған жоқ, Сізге келесі қорытынды бағалар қол жетімді болады


1. Сыналды

2. Сыналған жоқ

3. Уақытша аттестат. жоқ

4. Аттестатталмады

5. Босатылған

6. Таңдалмады


0070e1f197b1001e32185ae3aec1cc43.gif


Егер сіздің журналыңызда бағалау түрі жоқ деп есептелсе, онда студенттерге қорытынды баға қою қажет емес.

5947d8f7c0d8af9fad1d9cbc11d21a26.png



Журналға кіргеннен кейін сіз барлық оқушыларға бірінші тоқсанның соңында қорытылу керек пәндер бойынша қорытынды бағаларын қою керек

941a2cacc9d6a919101f04975e73d8c7.gif


Журналда бірнеше оқушыға бірден баға қоюға мүмкіндік беретін құрал бар.

948639998648447302e08917626f3485.gif


Егер журналдағы сынып топтарға бөлінсе және сабақтарды әр түрлі мұғалімдер жүргізсе, онда әр мұғалім өздерінің тобында оқитын оқушыларға қорытынды баға қоя алады.

Сыныптағы барлық оқушыларға қорытынды баға қойылғаннан кейін Журналды жабу түймесін басу керек.

1.Барлық оқушылардың қорытынды бағалары қойылмаса журналды жаба алмайсыз.

2. Егер пәнді топтар бойынша 2 мұғалім жүргізсе, онда әр мұғалім өз оқушыларына қорытынды баға қоя алады, бірақ екі мұғалім екі де журналды жаба алады;

3. Журнал жабылғаннан кейін сіз журналдағы деректерді өңдей алмайсыз (сабақ өткізу,  формативті және қорытынды бағаларды, қатысуды өзгерту);

4. Қажет болса, мектептегі кезеңді қорыту аяқталғанға дейін мектеп әкімшісі сіз жауып тастаған журналды ашуға мүмкіндігі бар. Мектеп әкімшісі қорыту кезеңін аяқтағаннан кейін ол сіз жауып тастаған журналдарды аша алмайды және журналдағы мәліметтер түзетуге қол жетімді болмайды.

fb9f2c16a25defdf2b4e284425cf6e89.gif

Мақала сізге көмек болды ма?