KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG
  1. Bilim Class
2дауыс

Пожелание журнал

«Құрметті әзірлеушілер тобы!

Білім беру процесін цифрландыру аясында электрондық журналдың жұмысына қатысты маңызды ұсынысымды білдіргім келеді. Оқушылардың білімін толыққанды бағалау және олардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін журналға келесідей өзгеріс енгізу қажет деп санаймын:

Бұрынғы қағаз журналдарда өткен тақырыптар бойынша оқушы жауап берген жағдайда, бос тұрған торкөздерге баға қою мүмкіндігі болатын. Қазіргі жүйеде уақыты өткен күндерге баға қою техникалық тұрғыдан шектелген. Осыған байланысты, бұрын қойылған бағаларды өзгертуге немесе жоюға рұқсат бермей-ақ, тек бос тұрған (баға қойылмаған) күндерге баға қою функциясын қосуды ұсынамын.

Бұл мұғалімдерге өткен сабақтарда келмей қалған немесе білімін кейін толықтырған оқушыларды әділ бағалауға мүмкіндік береді. Осы мәселені техникалық тұрғыдан қарастыруларыңызды сұраймын.»

Бакдаулет Мейрамбекулы
Бакдаулет Мейрамбекулы, ресми жауап
Сәлеметсіз бе! Сіздің кері байланысыңызға рақмет! Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият қарастырып, оны жауапты бөлімге әрі қарай өңдеуге жібердік. Біз сіздің пікіріңізді бағалаймыз және біздің платформаның дамуына белсенді қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
пікірлер жоқ