KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Ұсынылатын бағаны ескі формула бойынша есептеу

Соңғы өзгерістер: 24.10.2025

2025–2026 оқу жылының 1 тоқсанының журналдарында бұрыңғы және жаңа формуланы ауыстыру мүмкіндігі қосылды

Бұл мүмкіндік 2025–2026 оқу жылына дейін қолданылған бұрыңғы формулалар бойынша ұсынылатын бағаны есептеу қажет болған жағдайда пайдаланылады.

Бұрыңғы және жаңа формуланы ауыстыру мүмкіндігі қалай жұмыс істейді

Журналдың жоғарғы бөлігінде келесі опция қолжетімді:
«Ұсынылатын бағаны ескі формула бойынша есептеу»

  • Егер құсбелгі қосылған болса — есептеу жаңа формула бойынша жүргізіледі (әдепкі түрде қолданылады).
  • Егер құсбелгі қосылмаған болса — есептеу ескі формула бойынша, яғни жаңартуға дейін қолданылған нұсқада орындалады. 

Бұрыңғы және жаңа формуланы ауыстыру мүмкіндігі қайда орналасқан

Бұл бұрыңғы және жаңа формуланы ауыстыру мүмкіндігі тек 2025–2026 оқу жылының I тоқсанының журналдарында ғана қолжетімді.
Алдыңғы оқу жылдарының және басқа тоқсандардың журналдарында бұл мүмкіндік қолжетімсіз

Қолданылған формула нәтижелерінің басқа бөлімдерде көрсетілуі

Формула түрін таңдағаннан кейін формула көрсетілетін барлық бөлімдерде өзгерістер көрінеді:

1. Мұғалімде - оқушының жеке іс қағазында «Бағалар» бөлімінде барлық пайыздық көрсеткіштер мен ұсынылатын баға таңдалған формулаға сәйкес есептеліп көрсетіледі.

2. Оқушы мен ата-анасында - веб-нұсқадағы «Бағалар» бөлімінде және мобильді қосымшада көрсеткіштер мен ұсынылатын баға мұғалімдегі формуламен бірдей есептеліп көрсетіледі.

Осылайша, оқу процесінің барлық қатысушылары бірдей есептеу логикасы бойынша келісілген нәтижелерді көреді.

Мақала сізге көмек болды ма?