KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Журналдағы мәндер қалай есептеледі

Соңғы өзгерістер: 29.10.2025

Егер сіз журналдың соңына қарай жылжысаңыз, сізде қорытынды бағалар мен пайыздық мәндер туралы ақпарат шығады.

Баған атауларының жанындағы белгішеге (%ФБ, %БЖБ, %ТЖБ, %Сома) тінтуірді апарғанда, осы нұсқаулыққа сілтемесі бар терезе ашылады.

Тоқсан бойынша есептеу (2025–2026 оқу жылы үшін)

Биыл есептеу формуласы жаңартылды.
Енді үлес салмағы төмендегідей:

  • Формативті бағалар (ФБ) — 25%
  • Бөлім бойынша жиынтық бағалар (БЖБ) — 25%
  • Тоқсандық жиынтық баға (ТЖБ) — 50%

Есептеу формулалары:

%ФБ = (ФБ қосындысы / (ФБ саны × 10)) × 25

%БЖБ = (БЖБ ұпайларының сомасы/ БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 25

%ТЖБ = (ТЖБ ұпайларының сомасы / ТЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 50

%Сома = %ФБ + %БЖБ + %ТЖБ

Ұсынылатын баға — %Сома мәніне байланысты шкала бойынша автоматты түрде есептеледі.

Қорытынды баға — мұғалім қолмен қояды.

Есептеу қашан басталады:

  • %ФБ — кем дегенде бір ФБ бағасы енгізілгеннен кейін;
  • %БЖБ — кем дегенде бір БЖБ бағасы енгізілгеннен кейін;
  • %ТЖБ — кем дегенде бір ТЖБ бағасы енгізілгеннен кейін;
  • %Сома және Ұсынылатын баға — жоғарыдағы барлық өрістер (%ФБ, %БЖБ, %ТЖБ) есептелгеннен кейін.

Жартыжылдық бойынша есептеу (2025–2026 оқу жылы үшін)

Жартыжылдықта ТЖБ есепке алынбайды.
Енді үлес салмағы:

  • Формативті бағалар (ФБ) — 50%
  • Бөлім бойынша жиынтық бағалар (БЖБ) — 50%

Есептеу формулалары:

%ФБ = (ФБ қосындысы / (ФБ саны × 10)) × 50

%БЖБ = %БЖБ = (БЖБ ұпайларының сомасы / БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 50

%ТЖБ = – (сызықша)

%Сома = %ФБ + %БЖБ

Ұсынылатын баға — %Сома мәніне байланысты шкала бойынша анықталады.

Қорытынды баға — мұғалім қолмен қояды.

Алдыңғы оқу жылдары үшін есептеу (2024–2025 және одан бұрынғы жылдар)

Алдыңғы жылдардағы формулалар өзгеріссіз қалады:

Тоқсан бойынша:

%(ФБ+БЖБ) = ((БЖБ балл қосындысы + ФБ қосындысы) / (БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы + (ФБ саны × 10))) × 50

%ТЖБ = (ТЖБ ұпайларының сомасы / ТЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 50

%Сома = %(ФБ+БЖБ) + %ТЖБ

Жартыжылдық бойынша:

%(ФБ+БЖБ) = ((БЖБ балл қосындысы + ФБ қосындысы) / (БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы + (ФБ саны × 10))) × 100%

%ТЖБ = есепке алынбайды

%Сома = %(ФБ+БЖБ)

Арнайы жағдай: топтар арасында ауысу

Егер оқушы тоқсан ортасында басқа топқа ауысса:

  • ФБ алдыңғы топтан сақталады және есептеуге қосылады;
  • БЖБ және ТЖБ алдыңғы топтан есепке алынбайды және журналда көрсетілмейді.

2025–2026 оқу жылына арналған ерекше жағдай

Егер оқушының белгілі бір кезеңдегі (тоқсан немесе жартыжылдық) барлық сабақтарында "Қатыспаған (С, А, Ж)" белгілері тұрса, онда:

%ФБ = 0%

Ескерту

  • Бағалау түрі «Зачет/Незачет» немесе «Бағалау жоқ» болған журналдарда есептеулер жүргізілмейді.
  • Бағалау кезеңі «Жыл» болған жағдайда да есептеу жоқ.
  • Классикалық журналда (5 балдық жүйе) тек ұсынылатын баға ғана көрсетіледі.
  • Критериалды журналда келесі бағандар көрсетіледі:
    %ФБ, %БЖБ, %ТЖБ, %Сома, Ұсынылатын баға

Мақала сізге көмек болды ма?