1. Бөлімге өту
1. Әлеуметтік педагогтың аккаунтына кіріңіз.
2. Мәзірден қажетті сыныпты таңдаңыз.
3. Оқушылар тізімі карталар түрінде ашылады.
2. Фотосурет қосу
1. Фотосуреті жоқ оқушының карточкасын табыңыз.
2. «Фотосурет» бағанындағы «Қосу» батырмасын басыңыз.
3. Ашылған терезеден «Фотосуретті таңдау» батырмасын басып, суретті таңдаңыз.
4. Файлдың талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз:
- Формат: JPEG, JPG
- Өлшемі: 100 кб-тан 500 кб-қа дейін болуы керек
- Пропорциясы: 3x4
5. Егер файл талаптарға сай болмаса, қате туралы хабарлама шығады.
6. Сәтті жүктелген соң «Сақтау» батырмасын басыңыз.
3. Фотосуретті өзгерту
1. Фотосуреті бар оқушының карточкасын табыңыз.
2. «Өңдеу» батырмасын басыңыз.
3. Ашылған терезеден жаңа суретті таңдаңыз.
4. Файлдың талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз (JPEG, JPG, ≤ 500 кб, 3x4).
5. Фотосуретті ауыстыру үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
4. Фотосуретті жою
1. Фотосуреті бар оқушыны тауып, «Өңдеу» батырмасын басыңыз.
2. «Өшіру» батырмасын басыңыз.
3. Растау терезесінде «Өшіру» батырмасын басып, суретті өшіріңіз.
4. Жойғаннан кейін оқушыда «Қосу» батырмасы пайда болады.