KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Бағаны немесе қатысу белгісін пернетақта арқылы қалай енгізуге болады

Соңғы өзгерістер: 24.04.2025

Енді сіз формативті бағаларды, қатысу белгілерін тікелей пернетақта арқылы жылдам әрі ыңғайлы түрде қоя аласыз!

1. Журналға ашыңыз

  1. Қажетті сынып пен пәнді таңдаңыз.

  2. Егер сабақ әлі өткізілмесе, «Сабақты өткізу» батырмасын басыңыз.

2. Бағаны немесе қатысу белгісін енгізіңіз

  1. Қажетті күндегі оқушының ұяшығын басыңыз.

  2. Ұяшықты басқанда енгізу өрісі ашылады. Сол жерге келесі мәндерді енгізуге болады:

  • Баға — жай ғана 1-ден 10-ға дейінгі санды пернетақта арқылы енгізіңіз. Мысалы: 7 немесе 10.

  • Қатысу белгілері:

    • Егер оқушы сабақта болған болса — ештеңе енгізудің қажеті жоқ, келесі ұяшыққа өтіңіз. Бос ұяшық оқушының қатысқанын білдіреді.

    • Егер себеп бойынша болмаған болсаС әрпін енгізіңіз.

    • Егер оқушы ауырған болсаА әрпін енгізіңіз.

    • Егер себепсіз болсаЖ әрпін енгізіңіз.

Мәндерді үлкен де, кіші де әріппен енгізуге болады — мысалы, А немесе а.

Егер басқа белгі енгізсеңіз, жүйе оны қабылдамайды және ұяшық бос қалады.

3. Келесі ұяшыққа өтіңіз

  • Enter пернесін бассаңыз — енгізілген мән сақталады және келесі төмендегі ұяшыққа көшесіз.

  • Немесе басқа ұяшықты басып, сол жерге өтіңіз.

  • Жоғары және төмен бағыттауыш пернелер арқылы ұяшықтар арасында ауыса аласыз.

Егер сіз соңғы ұяшықта болсаңыз, Enter басқан соң сол ұяшықта қаласыз, бірақ мән сақталады.

4. Пікірді қалай енгізуге болады

Пікір терезесін ашудың екі жолы бар:

1-әдіс: Тінтуірмен

  1. Ұяшыққа басыңыз.

  2. Оң жағындағы 🗨️ белгішесін басыңыз.

2-әдіс: Пернетақта арқылы

Ұяшықты басқаннан кейін келесі пернелердің бірін басыңыз:

  • K (латынша) немесе Л (Кирилл әліпбиі)

Содан кейін:

  1. Пікірді енгізіңіз.

  2. «Сақтау» батырмасын басыңыз — пікір сақталады.

5. Енгізілген деректерді қалай түзетуге болады

Ұяшық арқылы түзету:

  1. Баға немесе қатысу белгісі тұрған ұяшықты қайта басыңыз.

  2. Енгізілген мәнді өзгертіңіз.

Модальды терезе арқылы түзету:

  1. Пікір терезесін белгіше арқылы немесе пернетақтадан ашыңыз.

  2. Мәнді өзгертіңіз.

  3. «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Егер ұяшық қолжетімсіз болса (мысалы, оқушы мектепке кеш келгенде), ол сұр түспен белгіленеді.

Мысалы, меңзерді апарғанда:

«Оқушы 13.09.2023 күні келді» деген жазба шығады.


Мақала сізге көмек болды ма?