KAZ
  • KAZ
  • RUS

Үй тапсырмасын беру

Соңғы өзгерістер: 15.04.2025

Үй тапсырмасын қайдан беруге болады?

  1. «Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау» (КТЖ) бөлімінде

  2. «Менің кестем» бөліміндегі сабақ картасы арқылы

Ескерту!

✅ Сіз үй тапсырмасын берген кезде, оны дайын болу керек күнге тағайындайсыз. Үй тапсырмасы берілген күн – оны беру күні емес, оны орындап бітірудің соңғы күні.

🔹 Мысал:

Егер келесі сабағыңыз 18 қаңтарға белгіленсе және сіз осы күнге үй тапсырмасын берсеңіз, онда оны оқушылар 18 қаңтарға дейін орындауы керек дегенді білдіреді.

1. КТЖ арқылы үй тапсырмасын беру

📌 Бұл әдісті қолдана отырып, бағдарламаға сәйкес үй тапсырмаларын алдын ала жоспарлауға болады.

Қадамдар:

1️⃣ Мұғалімге → КТЖ бөліміне өтіңіз.

2️⃣ Қажетті пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауына өту үшін, Іс-әрекет батырмасын басыңыз.

3️⃣ Үй тапсырмасын тағайындағыңыз келетін қажетті сабақты табыңыз.

4️⃣ Қарындаш белгісін басып, үй тапсырмасы енгізіңіз.

5️⃣ Сақтау батырмасын басыңыз.

✅ Енді оқушылар өздерінің кестелерінде үй тапсырманы қай күнге дейін орындау керектігін көріп тұрады.

2. «Менің кестем» арқылы үй тапсырмасын беру

📌 Бұл әдісті ағымдағы сабақта келесі сабаққа арналған тапсырманы беру үшін қолдануға болады.

Қадамдар:

1️⃣ BilimClass → «Менің кестем» бөліміне өтіңіз.

2️⃣ Үй тапсырмасын тағайындағыңыз келетін сабақты табыңыз.

3️⃣ «Үй тапсырмасы» бөлімінде қарындаш белгісін басып, тапсырманы енгізіңіз.

4️⃣ Сақтау батырмасын басыңыз.

✅ Енді оқушылар өздерінің кестелерінде үй тапсырманы қай күнге дейін орындау керектігін көріп тұрады.

Оқушылар үй тапсырмасын қайдан көреді?

📌 «Менің кестем» бөлімінде

  • Оқушы «Менің кестем» бөліміне кіреді.

  • Аптаның күндері бойынша ауысып, үй тапсырмаларды қай күнге дейін орындау керектігін көріп тұрады.

📌 «Үй тапсырмалары» бөлімінде

  • Оқушы «Үй тапсырмалары» бөліміне кіреді.

  • Бұл бөлімде оқушы өткен және алдағы үй тапсырмаларын, сондай-ақ оларды қай күнге дейін орындау керектігін көріп тұрады.

📌 «Күнделік» бөлімінде

  • Оқушы «Күнделік» бөліміне кіреді.

  • Оқушы аптаның барлық сабақтарының тізімін және үй тапсырмалары қай сабақтарға бекітілген, сол сабақтарға дейін орындау керектігін көреді.


Мақала сізге көмек болды ма?