KAZ
  • KAZ
  • RUS

Журналдардың өзгеруін бақылау

Соңғы өзгерістер: 19.02.2025

Навигация

Сол жақ мәзір → Мониторинг → Журналдардың өзгеруін бақылау

«Журнал өзгерістерін бақылау» бөлімінде сіз журналдардағы барлық әрекеттердің тарихын (қосу, өзгерту, жою) қадағалай аласыз: бағалар, қатысу, пікірлер, қорытынды бағалар. 

Деректерді сүзгілеу

Беттің жоғарғы жағында сүзгілер орналасқан. Қажетті өзгерістерді жылдам табу үшін оларды пайдалануға болады:

Сынып:

  • Қолжетімді сыныптардың тізімі көрсетіледі.

Пән:

  • Сынып таңдалғаннан кейін ғана пәндердің тізімі көрсетіледі.

  • Егер пән таңдалмаса, таңдалған сыныптағы барлық пәндер көрсетіледі (қосымша білім пәндері көрсетілмейді).

Әрекет:

  • Опциялар: «Қосу», «Өзгерту», «Өрісті тазалау» (қажет болса «Жою» деп түсінуге болады).

  • Егер таңдалмаса, барлық әрекет түрлері көрсетіледі.

Деректер түрі:

  • Опциялар: “Бағалар”, “Қатысулар” немесе “Қорытынды баға”

  • Егер таңдалмаса, барлық деректер түрлері көрсетіледі.

Жасалған әрекеттер кезеңі:

  • Белгілі бір күнді немесе күндер диапазонын көрсетуге болады.

Ескерту! Егер сүзгілер таңдалмаған болса, кестеде журналдың барлық қолжетімді өзгерістері көрсетіледі.

Беттегі негізгі деректерге шолу

Сүзгілерді қолданғаннан кейін төменде барлық тіркелген өзгерістер есепке алынатын кесте көрсетіледі. Кестеде 11 ақпараттық бағаннан және 15 жолдық парақшалардан тұрады:

  1. Әрекет ету күні мен уақыты
    Өзгеріс енгізілген сәтті көрсетеді (минут/секунд дәлдігімен).

  2. Әрекет түрі
    Өзгерістің түрін көрсетеді: «Қосу», «Өзгерту» немесе «Өрісті тазарту».

  3. Әрекет авторы
    Өзгеріс енгізген пайдаланушының аты-жөні (әдетте мұғалім).

  4. Сынып
    Өзгеріс енгізілген журналдың сыныбы.

  5. Оқу бағдарламасы
    Жалпы немесе жеке оқу бағдарламасының атауы.

  6. Пән
    Өзгеріске қатысты пән (егер бұл баға, қатысу немесе нақты пәнге қатысты пікір болса).

  7. Сабақ/кезең күні

    • Формативті баға (ФБ), қатысу, пікір, БЖБ, ТЖБ және — нақты сабақтың күні.

    • Қорытынды бағалар үшін (тоқсан, жартыжылдық, жыл) — сәйкес кезең («1-тоқсан», «1-жартыжылдық», «Жыл»).

  8. Оқушы
    Өзгеріс нақты оқушыға қатысты болса, оқушының аты-жөні.

  9. Деректер түрі
    “Бағалар”, “Қатысулар” немесе “Қорытынды баға”

  10. Ескі мәні
    Өзгеріске дейінгі мәні:

    • Егер өріс бұрын бос болса, «-» (сызықша) немесе «Баға жоқ» (ФБ үшін) немесе «Бар» (Қатысу үшін).

    • Қорытынды баға үшін алдыңғы мәні көрсетілуі мүмкін («4» → «5» мысалы).

  11. Жаңа мәні
    Өзгерістен кейінгі мәні:

    • Егер өріс тазаланған немесе «Баға жоқ» қойылған болса, «-» (сызықша) немесе «Бар» (Қатысу үшін).

    • Қорытынды баға үшін жаңа мән көрсетіледі («5» мысалы).

Назар аударыңыз! Бағаны қосқан кезде (немесе өзгерткен кезде) және пікір жазған кезде, екі өзгеріс бір жолға тіркеледі. Яғни, егер сіз баға қойып, оған пікір жазсаңыз, бұл өзгеріс кестеде сәйкес ескі және жаңа мәндерімен бір жазба ретінде көрсетіледі.

Мақала сізге көмек болды ма?