Навигация
Сол жақ мәзір → Мониторинг → Сабақтарды өткізу: мұғалімдер
Деректерді сүзгілеу
Беттің жоғарғы бөлігінде қажетті кезеңді таңдаңыз.
Сіз келесі кезеңдерді таңдай аласыз:
- күн
- апта
- ай
- жыл
- немесе сізге қажет күндер аралығын таңдай аласыз
Ескерту! Мәліметтер тек таңдалған кезең бойынша көрсетіледі.
Мұғалім бойынша мәліметтерді қарау
Беттің жоғарғы бөлігінде таңдалған кезең бойынша мұғалімнің негізгі көрсеткіштері көрсетіледі:
- Журнал жүргізу индексі
- Өткізілген сабақтар
- Тақырыптары бар сабақтар
- Бағалары бар сабақтар
- Үй тапсырмасын беру
Төменде әр пән және сынып бойынша толық кесте көрсетіледі.
Кестенің үстінде сыныпты таңдау жолы орналасқан.
Сыныпты таңдаған кезде тек сол сыныпқа қатысты пәндер көрсетіледі.
Кесте бағандары:
- Сынып — сынып атауы;
- Пән — пән атауы;
- Журнал жүргізу индексі — осы пән бойынша жалпы көрсеткіш;
- Өткізілген сабақтар — өткізілген сабақтардың саны мен пайызы;
- Тақырыптары бар сабақтар — мұғалім тақырыптарды қосқан сабақтардың саны мен пайызы;
- Бағалары бар сабақтар — мұғалім бағаларды қойған сабақтардың саны мен пайызы;
- Үй тапсырмасын беру — үй тапсырмасы берілген сабақтардың саны мен пайызы;
- Журналға өту — таңдалған пән журналына өту батырмасы.
Барлық көрсеткіштер:
- пайызбен
- жақша ішіндегі сандық мәндермен бірге көрсетіледі.
Журнал жүргізу индексі
Журнал жүргізу индексі — таңдалған кезеңдегі журналды жүргізудің жалпы көрсеткіші.
Ол келесі әрекеттерді ескереді:
- сабақтарды өткізу
- тақырыптарды толтыру
- бағаларды қою
- үй тапсырмасын беру
Егер барлық көрсеткіштер 100% болса, журнал жүргізу индексі де 100% болады.
Түстік индикация:
- 70%-дан төмен — қызыл
- 70–99% — сары
- 100% — жасыл
Түс индекс көрсетілген қпараттық бөлімде және «Журнал жүргізу индексі» бағанында көрсетіледі. Бұл журнал жүргізу деңгейін жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
Кестедегі белгілеулер
- 0% — көрсеткіш есептеледі, бірақ әрекет орындалмаған.
- «-/-» — таңдалған кезеңде бағалау немесе үй тапсырмасын беру талап етілетін сабақтар болмаған жағдайда көрсетіледі.
Excel форматында жүктеу
Мәліметтерді Excel форматында барлық мұғалімдер бойынша немесе белгілі бір мұғалім бойынша жүктеп алуға болады. Файлды жүктеу үшін Excel-ге жүктеу батырмасын басыңыз. Файл Excel форматында қолжетімді болады.