KAZ
  • KAZ
  • RUS

Әкімшілер үшін тоқсанды аяқтау

Соңғы өзгерістер: 24.12.2024

Тоқсанды жабу — бұл мектеп әкімшілігі бағалау кезеңін бастап, мұғалімдер барлық қорытынды бағаларды қойып, BilimClass журналдарын жабатын кезең.

1. "Пәндердің қорытылуы" бөліміне көшу

Сол жақтағы басқару тақтасы → Мониторинг → Пәндердің қорытылуы

2. Бағалау кезеңін бастау

  • "Кезеңді бағалауды бастау" батырмасын басыңыз.

  • Өз әрекетіңізді растаңыз.

Маңызды!

  • Бағалау кезеңі басталғаннан кейін ғана мұғалімдер журналдарды жаба алады.

  • Кезең басталғаннан кейін оқушылар қозғалысына қатысты барлық әрекеттер (топтар мен сыныптар арасында ауыстыру, қабылдау және шығару) бұғатталады.

Ұсыныс: Бағалау кезеңін бастау алдында оқушылар қозғалысына байланысты барлық жұмыстарыңызды аяқтаңыз.

3. Сүзгі мен баптауларды орнату

  • Қажетті тоқсанды және бағалау кезеңін таңдаңыз.

Ескертпе:

  1. Кезең 1 дегеніміз не?
    Бұл кезең толықтай есептілікке кіретін пәндерді қамтиды. Пән есептілікке кіреді деп саналуы үшін Оқу бағдарламалары бөлімінде пән баптауында “Есептілікте көрсетіледі” өрісі “Иә” деп белгіленуі керек. 1 - кезең пәндері "Білім сапасы" көрсеткішіне әсер етеді.

  2. Кезең 2 дегеніміз не?
    Ол есептілікке кірмейтін барлық басқа пәндерді қамтиды. Мұндай пәндерде "Есептілікте көрсетіледі" өрісі "Жоқ" деп белгіленген. 2 - кезең пәндері "Білім сапасына" әсер етпейді.

"Білім сапасы" туралы толығырақ ақпаратты осы нұсқаулықтан таба аласыз.

  • Кестеде сыныптар, журналдардың мәртебесі, олардың саны және жабылу пайызы көрсетіледі.

4. Қорытынды бағаларды тексеру және деректерді бақылау

  • Мұғалімдер барлық сыныптардың журналдарын жапқандығына көз жеткізіңіз.

  • Мәліметтерді тексеру үшін қажетті параллельге және сыныпқа өтіңіз.

  • Қорытынды бағалардың дұрыстығын тексеріп, барлық деректердің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

Маңызды! Мұғалімдерді ескертіңіз, бағалау кезеңінің белгілі бір кезеңі жабылғаннан кейін пән журналдарын қайта ашу мүмкін болмайды.

5. Бағалау кезеңін аяқтау

  • Барлық журналдардын жабылғанына көз жеткізіңіз.

  • 1 - кезеннің деректерінің дұрыстығын тексергеннен кейін "Деректерді Білім басқармасына жіберу" батырмасын басып, әрекетіңізді растаңыз.

  • 1 - кезең аяқталғаннан кейін 2 - кезеңге өтіңіз.

  • 2 - кезеннің журналдарының жабылғанына көз жеткізіп, бағалау кезеңін "Бағалау кезеңін аяқтау" батырмасын басу арқылы аяқтаңыз.

Құттықтаймыз! Сіз тоқсанды сәтті аяқтадыңыз!


Мақала сізге көмек болды ма?