Тоқсанды жабу — бұл мектеп әкімшілігі бағалау кезеңін бастап, мұғалімдер барлық қорытынды бағаларды қойып, BilimClass журналдарын жабатын кезең.
1. "Пәндердің қорытылуы" бөліміне көшу
Сол жақтағы басқару тақтасы → Мониторинг → Пәндердің қорытылуы
2. Журналдардың жабылу мониторингі
Қажетті тоқсанды және бағалау кезеңін таңдаңыз.
Ескертпе:
Кезең 1 дегеніміз не?
Бұл кезең толықтай есептілікке кіретін пәндерді қамтиды. Пән есептілікке кіреді деп саналуы үшін Оқу бағдарламалары бөлімінде пән баптауында “Есептілікте көрсетіледі” өрісі “Иә” деп белгіленуі керек. 1 - кезең пәндері "Білім сапасы" көрсеткішіне әсер етеді.Кезең 2 дегеніміз не?
Ол есептілікке кірмейтін барлық басқа пәндерді қамтиды. Мұндай пәндерде "Есептілікте көрсетіледі" өрісі "Жоқ" деп белгіленген. 2 - кезең пәндері "Білім сапасына" әсер етпейді. "Білім сапасы" туралы толығырақ ақпаратты осы нұсқаулықтан таба аласыз.
Кестеде сіздің сыныптарыңыз, журналдардың мәртебесі, олардың саны және жабылу пайызы көрсетіледі.
Қажетті параллель мен сыныпқа өтіңіз
3. Журнал деректерін тексеру
Келесіге көз жеткізіңіз:
Тоқсан бойынша барлық сабақтар өткізілгенін тексеріңіз.
Сабақтардың өткізілу күндері көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
Бағалар қойылғанын тексеріңіз.
Қатысу белгілері енгізілгенін растаңыз.
Егер деректер (бағалар немесе белгілер) жеткіліксіз болса, оларды толтырыңыз.
Ескерту! Барлық деректер енгізілген жағдайда, жүйе автоматты түрде ұсынылатын қорытынды бағаны есептейді.
4. Қорытынды бағаларды қою
Қорытынды бағаларды қою үшін:
"Қорытынды баға" өрісін басыңыз.
Баға немесе бағалау мәртебесін көрсетіңіз.
Маңызды!
Жүйе қорытынды бағаны автоматты түрде ұсынады. Егер ол сәйкес келмесе, қажетті мәнді қолмен өзгертіңіз.
Егер пәннің бағалау түрі — Қорытынды баға болса, келесі мәртебелер қолжетімді:
2-ден 5-ке дейінгі баға
Уақытша аттест. жоқ — уақытша жоқ, бірақ кейін бағалануы мүмкін оқушы.
Аттест. жоқ — аттестаттаудан өтпеген оқушы.
Босатылған — осы пәннен босатылған оқушы.
Таңдалмады — пәнді оқымайтын оқушылардың мәртебесі.
5. Журналдарды жабу
Журнал деректерін тексергеннен кейін:
"Журналды жабу" батырмасын басыңыз.
Әрекетті растаңыз.
Ескерту!
Журналдарды мектеп әкімшісі бағалау кезеңін бастағаннан кейін ғана жабуға болады.
Егер бағалау кезеңі аяқталмаса, журналды қайта ашуға болады.
Жүйе бағалау кезеңі аяқталғаннан кейін де ашық журналдарды жабуға мүмкіндік береді. Бұл кері қайтару қажеттілігін азайту және ыңғайсыз жағдайлардың алдын алу үшін жасалған.
6. Арнайы жағдайлар
1-жағдай: Егер оқушы БЖБ/ТЖБ тапсырмаса:
"Уақытша аттестатталмаған" мәртебесін таңдаңыз.
Оқушы БЖБ/ТЖБ тапсырғаннан кейін жабық журналдағы бағаны өзгертіңіз.
2-жағдай: Егер жабық журналда бағаны өзгерту қажет болса:
Журналды қайта ашу үшін мектеп әкімшісіне хабарласыңыз.
Өзгерістер тек аттестация кезеңі аяқталмаған жағдайда ғана мүмкін.
Құттықтаймыз! Сіз тоқсанды сәтті аяқтадыңыз!