1-қадам: BilimClass жүйесіне кіру
1. Веб-шолғышты ашып, BilimClass кіру бетіне өтіңіз.
2. Телефон нөміріңіз бен құпиясөзіңізді енгізіп, "Кіру" батырмасын басыңыз.

2-қадам: "Кабинет" бөліміне өту
1. Аккаунтыңызға сәтті кірген соң, жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәзірден "Кабинет" бөлімін табыңыз.

2. "Кабинет" батырмасын басып, жеке парақшаңызға өтіңіз.
3-қадам: "Freedom Bank-ке деректерді жіберу келісімі" бөлімін таңдау
1. "Кабинет" ішінде "Freedom Bank-ке деректерді жіберу келісімі" атты қосымшаны таңдаңыз немесе осы сілтеме бойынша өтіңіз.

2. "Парақшаға өту" батырмасын басып, деректерді беру мүмкіндігі бар балалар тізіміне өтіңіз.
4-қадам: Балаларды таңдау
1. Ашылған бетте бағдарлама шарттары және сәйкес келетін балаларыңыздың тізімі көрсетіледі.

2. Төменге өтіп, деректерді жіберу келісімін ұсынғыңыз келетін балаларыңыздың жанындағы ұяшықтарға құсбелгі қойыңыз.
Ескерту! Егер сіз мұғалім және ата-ана болсаңыз, алдымен балаңыздың атына басыңыз, содан кейін «Деректерді жіберу» батырмасы пайда болады.

5-қадам: Телефон нөмірін енгізу және деректерді ұсыну
1. Пайдаланушы келісім-офертасының шарттарымен танысып, келісіміңізді беріңіз.
2. "Деректерді жіберу" батырмасын басыңыз.

6-қадам: SMS арқылы растау
1. "Деректерді жіберу" батырмасын басқаннан кейін көрсеткен нөміріңізге растау SMS-коды жіберіледі.
2. Алынған SMS-кодты сәйкес өріске енгізіңіз.

3. "Келесі" батырмасын басып, әрекетті растаңыз.

Құттықтаймыз! Сіз Freedom Bank-ке деректерді беру келісімін сәтті жібердіңіз.
Енді үздік бағалар үшін ақша алу үшін Freedom SuperApp мобильді қосымшасын жүктеп, әр балаңызға Power Card ашуыңыз қажет.
Power Card ашу бойынша толық ақпаратты осы нұсқаулықтан таба аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бала қашан бағалар үшін ақша ала бастайды?
Ақша Power Card шығарылғаннан кейін ғана есептеле бастайды. Егер бала картаны шығарғанға дейін баға алса, оған ақша есептелмейді.
Мысал:
Жұма күні бала 10 балл алды.
Сенбі күні Power Card шығарылды.
Жұма күнгі баға үшін ақша есептелмейді, өйткені сол кезде карта әлі белсендірілмеген болатын.
Карта шығарылғаннан кейін алынған барлық бағаларға ақша есептеледі.
Картаның шығарылған күнін білу үшін Freedom Bank қолдау қызметіне мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз.
Жинақталған ақшаны қалай жұмсауға болады?
Жинақталған ақшаны Power Card арқылы төлеуде пайдалануға болады. Бағдарлама шарттары мен жинақталған қаражатты пайдалану жолдары туралы толық ақпаратты Freedom Bank сайтындағы нұсқаулықтан немесе мобильді қосымша арқылы таба аласыз.
Ақша есептеу және оны пайдалану туралы сұрақтарыңыз болса, Freedom Bank қолдау қызметіне хабарласыңыз.