KAZ
  • KAZ
  • RUS

Мұғалімдер жұмысының уақыттылығы

Соңғы өзгерістер: 03.12.2024
  • Мектеп әкімшілеріне
  • Аудандық әдіскерлер үшін
  • Облыстық әдіскерлер үшін

  • Бөлімге өту

    Сол жақ басқару тақтасында Мониторинг → Мұғалімдер жұмысының уақыттылығы бөліміне өтіңіз.

    Кезеңді қалай таңдау керек

    Кестенің жоғарғы жағындағы сүзгіден кезеңді таңдаңыз:

    • Соңғы апта

    • Соңғы тоқсан

    Бөлім бетінде көрсетілетін ақпарат

    Бөлім бетіндегі кестеде ұстаздардың уақытында жұмыс істеуіне қатысты деректер көрсетіледі.

    Кесте 4 бағаннан тұрады:

    • — ұстаздың реттік нөмірі.

    • Ұстаз — ұстаздың аты-жөні.

    • Уақытылы бағалау — уақытында қойылған бағалардың пайызы.

    • Уақытылы үй жұмысын беру — уақытында берілген үй тапсырмаларының пайызы.

    Ұяшықтарда пайыздар мына формула бойынша есептеледі:

    • Бағалар үшін: (таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін уақытында қойылған бағалар саны / таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін барлық қойылған бағалар саны) × 100

    Ескерту! Егер ұстаздың таңдалған кезең бойынша бағалары немесе үй тапсырмалары болмаса немесе ешбір пәнде "Баға қойылу" немесе "Үй тапсырмасын беру" баптаулары орнатылмаса, онда бұл ұстазға қатысты кестеде сызық ("-") көрсетіледі.

    “Баптаулар” бөлімі бойынша нұсқаулықтарды осы сілтемелер арқылы таба аласыз:

    Баға қай кезде уақытылы деп есептеледі:

    • Сабақ күні:
      Егер бағалар сол күні қойылса, олар уақытылы деп есептеледі.

    • Келесі күні 12:00-ге дейін:
      Егер баға келесі күні 12:00-ге дейін қойылса, ол да уақытылы деп есептеледі.

      • Мысал: Сабақ дүйсенбіде өтті, баға сейсенбі күні 11:30-да қойылды.

    • Жұма, сенбі немесе жексенбіде өткен сабақ:
      Баға уақытылы деп есептеледі, егер ол дүйсенбі күні 12:00-ге дейін қойылса.

      • Мысал: Сабақ жұма күні өтті, баға дүйсенбі күні 11:45-те қойылды.

    Аудандық және облыстық әдіскерлерге арналған нұсқаулық

    Бөлімге өту

    Сол жақ басқару тақтасында → Мониторинг → Мұғалімдер жұмысының уақыттылығы бөліміне өтіңіз.

    Кезеңді қалай таңдау керек

    Кестенің жоғарғы жағындағы сүзгі арқылы кезеңді таңдаңыз:

    • Соңғы апта

    • Соңғы тоқсан

    Әдіскерлерге арналған бөлім бетіндегі ақпарат

    Бөлім бетінде әдіскерлерге арналған кестелер:

    • Аудандық әдіскер — аудан мектептерінің тізімі.

    • Облыстық әдіскер — облыс аудандарының тізімі.

    Аудандық әдіскер үшін

    Аудандық әдіскерге қолжетімді ақпарат:

    • Өз ауданының мектептерінің тізімі.

    • Әр мектеп бойынша уақытылы қойылған бағалар мен берілген үй жұмыстарының пайызы.

    Кесте мына бағандардан тұрады:

    1. — мектептің реттік нөмірі.

    2. Мектеп — мектептің атауы.

    3. Бағаларды уақытында қою — мектеп бойынша уақытылы қойылған бағалардың пайызы.

    4. Үй тапсырмаларын уақытында беру — мектеп бойынша уақытылы берілген үй жұмыстарының пайызы.

    Мектеп бойынша жалпы пайыз

    Мектеп бойынша жалпы пайызды осылай есептеледі:

    • Бағалар үшін: (таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін мектептегі уақытында қойылған бағалардың жалпы саны / таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін мектептегі барлық бағалардың жалпы саны) × 100

    Баға қай кезде уақытылы деп есептеледі

    Мектеп туралы толық мәліметтерге өту

    Әдіскер Толығырақ батырмасын басып, осы мектептегі ұстаздардың кестесіне өте алады.

    Кестеде көрсетілетін мәліметтер:

    1. — ұстаздың реттік нөмірі.

    2. Ұстаз — ұстаздың аты-жөні.

    3. Бағаларды уақытында қою — ұстаздың уақытылы қойған бағаларының пайызы.

    4. Үй тапсырмаларын уақытында беру — ұстаздың уақытылы берген үй тапсырмаларының пайызы.

    Облыстық әдіскер үшін

    Облыстық әдіскерге қолжетімді ақпарат:

    • Облыс аудандарының тізімі.

    • Таңдалған кезең үшін әр аудан бойынша уақытында қойылған бағалар мен берілген үй жұмыстарының пайызы.

    Кесте мына бағандардан тұрады:

    1. — ауданның реттік нөмірі.

    2. Аудан — ауданның атауы.

    3. Бағаларды уақытында қою — аудан бойынша уақытылы қойылған бағалардың пайызы.

    4. Үй тапсырмаларын уақытында беру — аудан бойынша уақытылы берілген үй тапсырмаларының пайызы.

    Аудан бойынша жалпы пайыз

    Аудан бойынша жалпы пайызды осылай есептеледі:

    • Бағалар үшін: (таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін аудандағы уақытында қойылған бағалардың жалпы саны / таңдалған кезеңдегі сабақтар үшін аудандағы бойынша барлық бағалардың жалпы саны) × 100

    Баға қай кезде уақытылы деп есептеледі

    Аудан туралы толық мәліметтерге өту

    Облыстық әдіскер "Толығырақ" батырмасын басып, осы ауданның мектептері туралы кестеге өте алады.

    Кестеде көрсетілетін мәліметтер:

    1. — мектептің реттік нөмірі.

    2. Мектеп — мектептің атауы.

    3. Бағаларды уақытында қою — мектеп бойынша уақытында қойылған бағалардың пайызы.

    4. Үй тапсырмаларын уақытында беру — мектеп бойынша уақытында берілген үй тапсырмаларының пайызы.

    Толығырақ батырмасын тағы бір рет басу арқылы облыстық әдіскер ұстаздар туралы кестені көре алады (аудандық әдіскер кестесіне сай).

    Ескерту! Егер кестеде мектеп, аудан немесе ұстаз үшін ешқандай дерек көрсетілмесе (сызық "-" қойылған болса), бұл келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:

    • Таңдалған кезең ішінде ұстаздың/мектептің/ауданның бағалары немесе үй тапсырмалары болмаған.

    • Барлық пәндер үшін "Бағаларды қою" немесе "Үй тапсырмасын беру" баптаулары орнатылмаған

    Бағандардың баптаулары

    Бөлімнің дұрыс жұмыс істеуі үшін "Бағаларды қою" және "Үй тапсырмасын беру" баптауларының орнатылғанына көз жеткізіңіз.


    “Баптаулар” бөлімі бойынша нұсқаулықтарды осы сілтемелер арқылы таба аласыз:

    Осылайша, әдіскерлер ұстаздардың, мектептердің және аудандардың уақытында жұмыс істеуін тиімді түрде бақылап, талдай алады.











    Мақала сізге көмек болды ма?