Тоқсанның аяқталуы - BilimClass ЭЖ оқу кезеңін қорытындылау сәті. Журналдарды жабуға арналған бұл бөлім барлық бұрын енгізілген мәліметтер негізінде қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды қолмен реттеуге мүмкіндік береді. Бұл қателер қаупін азайтып, тексеру процесін жеңілдетеді.
Қорытынды баға қою және журналды жабу
1. Сол жақ мәзір → Мониторинг → Пәндердің қорытылуы
2. Сүзгі мен параметрлерді орнату
Сізге қажет Тоқсан және Қорытындылау кезеңін таңдаңыз.
Маңызды! 1-ші кезең дегеніміз не? Бұл есеп берілетін пәндер. Бұл параметрді Мектеп әкімшісі Оқу бағдарламаларын құру кезінде пәннің деректерінде белгілейді. Сіздің пәніңіз есепте көрінуі үшін Мектеп әкімшісі пәннің деректерінде "Есепте көрсетіледі" деп көрсетуі керек.
Есепте көрсетілген пәндер "Білім сапасы" көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.
2-ші кезең дегеніміз не? Бұл Мектеп әкімшісі пәннің деректерінде "Бағалау жоқ" деп белгілеген, есеп берілмейтін пәндер. Бұл пәндер “Білім сапасы" көрсеткіштеріне әсер етпейді.
Сынып жетекшісіне өз сыныбының Білім сапасын көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Кестеде сыныптар, журналдар мәртебесі, олардың саны және жабылуы бойынша пайыздық мөлшері көрсетілген.
Әрі қарай Сізге қажетті сынып пен параллельге өтіңіз.
Сіздің алдыңызда пәндер тізімі мен осы пәндер бойынша журналдардың мәртебесі көрсетіледі.
3. Сынып журналына өту және деректерді тексеру
Тоқсандағы барлық сабақтардың өткізілгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін әр сабақ бойынша төмендегі деректердің дұрыстығын тексеріңіз:
Сабақты өткізу күндері
Барлық қажетті бағалар
Қатысу туралы бағалау
Егер деректерде бос орындар болса (бағалар немесе белгілер), оларды тиісті ұяшықтарға енгізіңіз.
Ескерту! Егер журналдағы барлық бағалар дұрыс қойылса, жүйе тоқсанның қорытындысына оқушыға ұсынылатын бағаны автоматты түрде есептейді.
Ұсынылатын бағаның қалай есептелетінін түсіну үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
4. Қорытынды баға қою
Оқушыға қорытынды баға беру үшін "Қорытынды баға" өрісін басыңыз.
Бағалау мәртебесін таңдаңыз.
Ескерту! Bilimclass жүйесі әр оқушыға автоматты түрде қорытынды баға ұсынады. Егер қандай да бір себептермен қорытынды баға ұсынылатын бағаға сәйкес келмесе, "Ұсынылатын баға" өрісін басып, қажетті бағаға өзгерту керек.
Маңызды! Оқушыға қандай қорытынды баға қою керектігін анықтау үшін қорытынды баға қоюдың барлық жағдайларын қарастырыңыз.
2-ден 5-ке дейін бағалау
Уақытша аттестация жоқ - бұл белгілі бір себептермен уақытша сабақтарға қатыспай, бірақ кейінірек бағаланатын оқушы.
Ескерту! Бұл мәртебемен белгіленген оқушыға журнал жабылғаннан кейін де қорытынды баға қоюға болады.
Аттестацияланбаған - қорытындылаудан өтпеген оқушы.
Ескерту! Егер сіз осы мәртебемен белгісеңіз, онда журнал жабылғаннан кейін бағаны өзгерту мүмкін болмайды. Есептің білім сапасы өрісінде бұл оқушы Аттестацияланбаған деп белгіленіп тұрады.
Босатылған - осы пәннен босатылған және қорытындылаудан өтуге міндетті емес оқушы.
Таңдамады - Бұл мәртебе таңдау пәні бар жоғары сынып оқушылары үшін қолайлы. Оқушы бұл пәнді оқымайды және қорытындылаудан өтуге міндетті емес.
5. Пәндерді қорытындылау мониторингі бойынша журналдарды жабу
Ескерту! Сіз журналды Мектеп әкімшісі Мониторинг бөлімінде бағалау кезеңін іске қосқаннан кейін ғана жаба аласыз. Журналды жаппас бұрын Мектеп әкімшісінің пәндерді бағалау кезеңін бастағанына көз жеткізіңіз.
Журнал деректерінің дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін Журналды жабу батырмасын басыңыз.
Әрекеттің дұрыстығын растаңыз.
Маңызды! Тоқсанның 1 кезең және 2 кезең бойынша барлық журналдарды жапқаныңызды тексеріңіз
Құттықтаймыз! Сіз тоқсанды сәтті аяқтадыңыз.
6. Арнайы жағдайлар
№1 жағдай.
Егер оқушы белгілі бір себептермен БЖБ/ ТЖБ тапсырмаса, онда сіз бұл оқушыға қорытынды бағаны қоя алмайсыз. Бұл жағдайда сіз оқушының қорытынды бағалау өрісінде уақытша аттестация жоқ деп белгілейсіз. Оқушы БЖБ/ ТЖБ тапсырып, баға алғаннан кейін, сіз жабық журналда бұл оқушының бағасын өзгерте аласыз.
Ол үшін Жабық журналға өтіп, уақыт аттестация жоқ мәртебесімен белгіленген оқушының бағасын өзгертіңіз.
№2 жағдай.
Егер сізге бағаны өзгерту қажет, бірақ журнал жабық болса:
- Мектеп әкімшісіне хабарласып, оның сізге қажет журналды өз аккаунтында ашуын сұраңыз.
Ескерту! Пән журналы кіретін кезең Мектеп әкімшісімен жабылмаған жағдайда ғана қажетті журналды ашуға мүмкіндік бар.