KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Жаңа оқу жылына контингент құру: Оқушыларды мектептен шығару және сыныптарды көшіру

Соңғы өзгерістер: 03.09.2025

Ескерту: Оқушылар бұйрықсыз шығарылады. Егер шығару бұйрық арқылы қажет болса, оны алдын ала «Әліпби кітабы» (ӘК) арқылы жасауды ұсынамыз.

Жаңа оқу жылын бастау үшін ол оқу жылына контингент құру қажет. Контингенттің қалыптасуы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Жаңа оқу жылының басталуы

  2. Оқушыларды мектептен шығару және сыныптарды көшіру

  3. Сыныптарды басқару және оқу жылының қалыптастырылуын аяқтау


1-кезең - Жаңа оқу жылының басталуы

1.1-кезең - Жеке оқыту бағдарламалары аяқталған/жабылған мектептер үшін

Ескерту! Бұл функция тек әкімшілер үшін қолжетімді.

1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Мектеп баптаулары

0009b41cf27a630a46e31aa58ad94ea8.png


2. Оқу жылдары қойындысын таңдаңыз

d2c12544d1643b0347a403408b0a7375.png


3. Бастау үшін "Басталмады" мәртебесiмен белгiленген оқу жылын табыңыз

a0debafcebf998df0c89bd6f27c440fd.png


4. Бастау батырмасын басыңыз

895ef95887d7d056722d07d8f56e4364.png


5. Модальды терезеде әрекетіңізді растаңыз

85330547da760962daef186d76c9a307.png

Ескерту! Мектебіңізде аяқталмаған жеке оқыту бағдарламалары болса, сіз жаңа оқу жылын бастай алмайсыз немесе алдыңғы оқу жылын аяқтай алмайсыз. Сіз оларды жабуыңыз керек. Оны істеу жолы туралы ақпаратты 2-кезеңен қараңыз.

6. Енді оқу жылының мәртебесі “Қалыптастыру жүріп жатыр” болып өзгерді

9418732b30817e9b98022c5163cd801e.png


7. Толығырақ бағанында “Бөлімге өту” батырмасын басыңыз

477221e035d305a99f1395f7b89aac90.png



1.2-кезең -  Жеке оқыту бағдарламалары аяқталмаған мектептер үшін

Сіздің мектепте аяқталмаған жеке оқыту бағдарламалары бар болса:

b8be999b1520ba439663880143bc5507.png

1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқушылар және сыныптар

4bc720f580b206eaf3a5cd97b22ce59e.png


2. Оқу бағдарламасы батырмасын басыңыз

75e005f4cd58eabc358f5a383e6a7a56.png


3. Толығырақ бағанындағы жасыл көрсеткіні басыңыз

fa8713d90f2b15403855122719a27a02.png


4. Оқу бағдарламасын аяқтау батырмасын басыңыз

2cea89e01984f12cb271c487fc940017.png


5. Модальды терезеде мәліметтерді толтырып, Жіберу батырмасын басыңыз

bc48bbd9248239a6db5fa6c16937a7a3.png


6. Жеке оқыту бағдарламасы бетіндегі әрбір оқушы үшін әрекеттi қайталаңыз

7. Нұсқаулықтың басына оралып 1.1-кезеңде сипатталған қадамдарды қайталаңыз



2-кезең - Оқушыларды мектептен шығару және сыныптарды көшіру

Сізде Оқушыларды келесі жылға шығару және көшіру беті ашылады, онда барлық параллельдер кему ретімен көрсетіледі (11-сыныптан 0-ге дейін)

44ba05d5734d7b1391698451cfbbb38e.png


Сіз әр сыныптағы оқушылардың тізімін көре аласыз

fff75de858c5113ba7b51dc220a49d26.png


Әрекеттер бағанында оқушы мәртебесін таңдауға болады:

7f8cbbb809b97dcc3b4617c222b67cdd.png

11 сыныптар үшін:

  • Түлек - мектептен шығарылу керек оқушы;

  • Қайта оқыту - екінші жылға қалатын оқушылар;

Сыныпты мектептен шығару үшін Сыныпты шығару батырмасын басыңыз

c030f09d32cf55583c16777df4901696.png


Модальды терезеде әрекетіңізді растаңыз

41d35db2d9e144925df6291a86d5a4eb.png

Ескерту! Оқушының мәртебесі Қайта оқыту болса, ол автоматты түрде екінші жылға қалады.


10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 сыныптар үшін:

b98b2feff69be1881b99239b595f03ff.png
  • Көшу - оқушыны жоғары сыныпқа ауыстыру;

  • Мектептен шығару - оқушыны мектептен шығару;

  • Қайта оқыту - екінші жылға қалатын оқушылар;

Сыныпты көшіру үшін Сыныпты аудару батырмасын басыңыз

caaea1b7854f481f41ce9f6148f30e86.png


Модальды терезеде әрекетіңізді растаңыз

df4583927be2115329fe46afd83c24ae.png

Ескерту! Сыныптарды көшіру барысында, сынып жаңа оқу жылында сол литерамен, үстiнен бiр сынып қосылып көшiрiледi.

Оқушының мәртебесі Мектептен шығару болса, ол автоматты түрде мектептен шығарылады


0 сыныптар үшін:

  • Көшу - оқушыны жоғары сыныпқа ауыстыру;

  • Мектептен шығару - оқушыны мектептен шығару;



3-кезең - Сыныптарды басқару және оқу жылының қалыптастырылуын аяқтау

Сізде Оқушыларды келесі жылға шығару және көшіру беті ашылады, онда сіз 9-сыныптан 10-сыныпқа, 0-ден 1-сыныпқа ауыстырылған және қайта оқуға қалған оқушылар кестесін көресіз

8842fa0aba3d9fe44403194f3457000c.png


Кесте келесі ақпараттан тұрады:

8a39975b076afee0a1636aca81a627e9.png
  • Аты-жөні - оқушының аты-жөні;

  • Алдыңғы оқу сыныбы - оқушы бұрын оқыған сынып;

  • Іс-әрекет- оқушының қай сыныпқа көшірілетінін таңдау керек баған;

Тізімде қажеттi сынып болмаса, жаңа сыныпты құрыңыз, параллельді, литераны, оқу тілін таңдап, Сыныпты қосу батырмасын басыңыз

7e7ce24a8ab6a5e3a76f349925f60b56.png

Сіз қосқан сынып тізімде пайда болады

0cbe38775d06e97138202117d31a174e.png

Әр оқушы үшін әрекет бағанында қажеттi сыныпты таңдап, Жіберу батырмасын басыңыз

b6a348325100cf88a4e07455fdf498db.png


Оқушы құрылған сыныпқа ауыстырылады

0d4fa4b707cc1bdd0b5da2c0ddde6bc3.png


Ескерту! Егер сіз оқушының сыныбын таңдаудан қате жіберген болсаңыз, оны оқу жылының қалыптастырылуын аяқтағаннан кейін, оқушының жеке іс парағында керек сыныпқа ауыстыра аласыз.


Құттықтаймыз! Сіз жаңа оқу жылы үшін контингенттi cәттi құрдыңыз

3114fb21f08dadad36b1e3cff895028d.png


Жаңа оқу жылындағы жұмысқа ауысу үшін Жаңа оқу жылында жұмысты бастау! батырмасын басыңыз

Мақала сізге көмек болды ма?