KAZ
  • RUS
  • KAZ

Мектеп бойынша үлгерім: Жылдық және қорытынды бағалар

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Енді мектеп бойынша үлгерім қорытынды/жылдық бағалау нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше параллельдердің білім сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл кесте білім беру ұйымының басшысы не меңгерушісінің қолданылуына арналған.

 Мектеп туралы есепті әдіскерлер мен әкімшілер қалыптастыра алады. Есеп жыл соңындағы балалар саны бойынша қалыптастырылады.

Мектеп туралы есептер бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-school

Әкімші үшін есепті қалыптастыру

1. Сол жақ мәзір → Есептілік → Мектеп бойынша білім сапасы

2. Үлгерім есебін құру үшін жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету қажет:

  • оқу жылы;

  • жылдық немесе қорытынды бойынша есепті бағалар қажет екенін таңдаңыз; Егер сіз жылдық бағанын таңдасаңыз, онда есепте жылдық журналдағы Жылдық баға өрісінен алынған бағалар қолданылады. Егер сіз қорытынды бағалар бойынша таңдаған болсаңыз, онда есепте жылдық журналдағы Қорытынды баға өрісінен алынған бағалар пайдаланылады;

  • қажетті параллельдер (таңдау үшін сандарды басыңыз) немесе барлық параллельдер;

 Барлығын таңдағаннан кейін "Есепті көрсету" батырмасын басыңыз. Есеп жыл соңындағы балалар саны бойынша қалыптастырылады.

Әдіскер үшін есепті қалыптастыру

Есептегі деректердің қалай қалыптасатынын білу үшін сілтемеге өтіңіз: https://help.bilimland.kz/l_rus/knowledge_base/item/316636?sid=66868

Мақала сізге көмек болды ма?