Сынып бойынша үлгерімді енді жылдық және қорытынды бағалар бойынша құруға болады. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, жылды жабу үшін сыныптың білім сапасы туралы есепті жылдық/қорытынды бағалар бойынша жинауға болады.
Сынып бойынша есепті методист, әкімші және сынып жетекші құра алады. Есеп жыл соңындағы оқушылар саны бойынша құрылады.
Сынып бойынша үлгерім бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-groups
Сынып бойынша есепті құру: Методист рөлі үшін
Жылдық/қорытынды бағалар бойынша үлгерім есебін құру үшін:
1. Сол жақ мәзір → Мониторинг → Сынып бойынша үлгерім
2. Жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету керек:
Оқу жылы
Қай бағаларға қатысты есеп керектігін: жылдық бағалар немесе қорытынды бағалар; Егер сіз жылдық бағаны таңдасаңыз, онда есепте жылдық журналдағы жылдық баға өрісінен алынған бағалар қолданылады. Егер сіз қорытынды бағалар бойынша таңдаған болсаңыз, онда есепте жылдық журналдағы қорытынды баға өрісінен алынған бағалар пайдаланылады;
Керекті район
Керекті мектеп
Керекті сынып
Сынып бойынша есепті құру: Әкімші және сынып жетекші рөлі үшін
1. Сол жақ мәзір → Есептілік → Сынып бойынша үлгерім
2. Жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету керек:
Оқу жылы
Қай бағаларға қатысты есеп керектігін: жылдық бағалар немесе қорытынды бағалар
Керекті сынып
Есепте деректердің қалай қалыптасатынын білу үшін сілтемеге өтіңіз: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/316667