Облыстық және аудандық әдіскерлер өз облысының мектептерінде оқу жылын аяқтауға керекті аттестаттау кезеңдерін өздігінен басқара алады.
Кезеңдерді бағалауды басқару бөлімі қайда орналасқан?
Сол жақ мәзір → Мониторинг → Кезеңді бағалауды басқару

Бағалау кезеңін қалай ауыстырамыз?
1. Оқу жылы кезеңін, керекті аудан мен мектепті таңдаймыз

2. Сізде келесі ақпараттан тұратын кесте ашылады:
Аудан - мектеп орналасқан ауданның атауы (облыстық әдіскерде ғана көрінеді)
Мектеп - мектептің атауы
Мәртебесі - оқу жылын жабу бойынша бағалау кезеңінің мәртебесі:
Басталған жоқ - мектеп Оқу жылы кезеңін бағалауды бастамады;
1-кезең - Бұл кезең толықтай есептілікке кіретін пәндерді қамтиды. Пән есептілікке кіреді деп саналуы үшін Оқу бағдарламалары бөлімінде пән баптауында “Есептілікте көрсетіледі” өрісі “Иә” деп белгіленуі керек. 1 - кезең пәндері "Білім сапасы" көрсеткішіне әсер етеді.
2-кезең - Ол есептілікке кірмейтін барлық басқа пәндерді қамтиды. Мұндай пәндерде "Есептілікте көрсетіледі" өрісі "Жоқ" деп белгіленген. 2 - кезең пәндері "Білім сапасына" әсер етпейді.
Аяқталды - мектеп Оқу жылы кезеңінің бағалауын аяқтады, барлық жылдық журналдар жабылды.
3. Кестенің мәртебесі бағанында мектептің қазіргі мәртебесі жазылып тұрады.

4. Қалам белгісін басып, ашылған терезеде керекті кезеңді таңдаймыз.

5. Растау батырмасын басып, әрекетімізді растаймыз.

6. Құттықтаймыз! Сіз бағалау кезеңін сәтті ауыстырдыңыз.