Енді біздің платформада журналдардың екі түрі бар:
1. Күнделікті журнал - белгілі бір тоқсандағы формативті, жиынтық және қорытынды бағалар туралы ақпаратты қамтиды. Оқушының сабаққа қатысуын белгілеуге болады.
2. Жылдық журнал - барлық тоқсандардағы қорытынды бағалар, емтихан бағалары және жылдық бағалар туралы ақпараттан тұрады.
Жылдық журнал неден тұрады?
1. Аты-жөні - сыныптың барлық оқушылары алфавиттік тәртіпте.
2. Оқу кезеңдерінің қорытынды бағалары - осы Пәннің кезеңдерін басқаруда көрсетілген кезеңдер үшін қойылған қорытынды бағалар.
Ескерту! Бұл бағандардағы қорытынды бағаны өңдеу немесе жою мүмкін емес. Тек Уақытша аттестатталмаған бағасын ғана өзгертуге болады.
3. Ұсынылатын жылдық баға - платформа кезеңдердегі қойылған бағалар арасындағы орташа мәнді есептейді.
Ескерту! Егер кезеңдердің біреуінде Уақытша аттестатталмаған бағасы тұрса, онда ұсынылатын жылдық баға есептелмейді. Ол есептелу үшін Уақытша аттестатталмаған орнына баға қою керек.
4. Жылдық баға - кезеңдердегі қорытынды бағалауларға және ұсынылатын жылдық бағаға сүйене отырып өзіңіз қоятын жылдық баға.
5. Емтихан бағасы - оқушының пән бойынша емтиханда алған бағасы. Осы пән бойынша емтихан тапсырған оқушыларға ғана қойылады.
6. Ұсынылатын баға - келесі жолмен есептеледі: 0,7 * Жылдық баға + 0,3 * Емтихан бағасы.
7. Қорытынды баға - пәнде емтихан және емтихан бағасы болған кезде қойылатын баға. Келесі жолмен есептеледі:
Қорытынды баға = Жылдық баға * 70 / 100% + Емтихан бағасы * 30 / 100%
Ескерту! Егер пәнде емтихан болмаса, қорытынды баға ұяшығына автоматты түрде жылдық баға қойылады.
Жылдық журналды қалай жабады? (Емтихан бар болса)
1. Кезеңдер бойынша қойылған бағаларды тексеріңіз;
2. Жылдық бағаны қойыңыз;
3. Жылдық бағаларды растау батырмасын басып, өз әрекетіңізді растаңыз;
4. Емтихан бағалары мен қорытынды бағаларды қойыңыз;
5. Журналды жабыңыз.
Жылдық журналды қалай жабады? (Емтихан болмаса)
1. Кезеңдер бойынша қойылған бағаларды тексеріңіз;
2. Жылдық бағаларды қойыңыз;
3. Журналды жабыңыз.
Жылдық журналдың қандай мәртебелері болады? (Емтихан бар болса)
1. Ашық - жылдық бағаларды қою қолжетімді, емтихан және қорытынды бағаларды қою қолжетімсіз.
2. Емтихан - емтихан және қорытынды бағаларды қою қолжетімді, жылдық бағаларды қою қолжетімсіз.
3. Жабық - журналға өзгертулер енгізу, баға қою, өңдеу мүмкін емес.
Жылдық журналдың қандай мәртебелері болады? (Емтихан болмаса)
1. Ашық - журналға өзгертулер енгізуге және баға қоюға болады.
2. Жабық - журналға өзгертулер енгізу, баға қою, өңдеу мүмкін емес.