БЖБ/ТЖБ талдауы - пән бойынша және сынып бойынша БЖБ/ТЖБ талдауын жүргізу мүмкіндігі бар бөлім.
БЖБ/ТЖБ талдау бөлімі қайда орналасқан?
1. Сол жақ мәзір → Есептілік → БЖБ/ТЖБ талдауы
БЖБ/ТЖБ талдауын құрастыру
1. Кезең, сынып және пән бойынша сүзу жасаймыз
2. Бірінші кесте келесі ақпараттан тұрады:
Жиынтық бағалау түрі - БЖБ немесе ТЖБ. Таңдалған кезеңдегі пән бойынша барлық БЖБ/ТЖБ кестеге шығарылады. Кестеде орналасу реті өткізілген күніне сәйкес (Бұрынырақ өткізілгені кестеде бірінші тұрады).
Оқушылар саны - осы жиынтық бағалау түрін тапсырған оқушылар саны.
Максималды балл - жиынтық бағалаудың белгілі бір түрі үшін максималды балл.
Жиынтық бағалау ұпайларының пайыздық мазмұны - білім деңгейі бойынша оқушылар саны үш бағанға бөлінеді (Төмен, Орташа, Жоғары). Оқушының пайызы келесі жолмен есептеледі: Жиынтық бағалау үшін оқушының % = Оқушының алған баллы / Жиынтық бағалау тапсырмасының максималды баллы * 100 %.
Сапа % - жиынтық бағалау үшін 65 %-дан кем алмаған оқушылар саны / жиынтық бағалаудан кез келген баға алған оқушылар саны * 100
Үлгерім % - жиынтық бағалау үшін 40%-дан кем алмаған оқушылар саны / жиынтық бағалаудан кез келген баға алған оқушылар саны * 100
3. Келесі кестеде оқушыларды бағалары бойынша үш бағанға бөліп аты-жөндерін көрсетеді.
БЖБ/ТЖБ талдауын жүктеп алу
1. Сүзуге керекті барлық шарттарды көрсеткен соң, бұрыштағы Құжатты жүктеп алу батырмасын басамыз. Шарттар таңдалмағанша, батырма көрсетілмейді.
2. Сіздің компьютеріңізге Excel форматындағы БЖБ/ТЖБ талдауы жүктелді. Оны браузердің соңғы жүктемелерінің арасынан іздеңіз.