KAZ
  • RUS
  • KAZ

Тақырыптық жоспарды КТЖ-ға қосу

Соңғы өзгерістер: 04.06.2024

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ

2. Параллель және пән бойынша сүзу жасаймыз

3. Керекті сыныптың бойындағы Іс-әрекет бағанында көрсеткішті басамыз

4. Ашылған бетте ТЖ-ны импорттау батырмасын басамыз 

5. ТЖ-ға оқу жылы, кезең, параллель және пән бойынша сүзу жасаймыз. Кейін, керекті ТЖ бойындағы Іс-әрекет бағанындағы + белгісін басамыз.

6. Импорт жасайтын кезеңді таңдаймыз. Импорттағыңыз келмейтін пәндер болса, солардың бойындағы Импорттау бағанынан құсбелгіні алып тастаңыздар.

* экрандағы тақырыптар ТЖ-да көрсеткен сағат санына сәйкес 2-3 рет қайталанады.

Ескерту! Импорттау кезінде КТЖ-дағы ағымдағы тақырып жаңасымен ауыстырылады

7. Барлық өзгертулерді енгізген соң, Импорттау батырмасын басамыз.

8. Сіздің Тақырыптық жоспарыңыз сәтті импортталды!


Тақырыптар саны сабаққа тығыздау жасаған кезде, яғни бір сабақта бірнеше тақырып өткізілетін кезде қолданылатынын есте сақтаңыз.

Мақала сізге көмек болды ма?