KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Оқушының бағаларын қарау және жүктеп алу

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Оқушының бағаларын қалай қараймыз? (Әкімшілерге)

1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқушылар және сыныптар

2. Параллель бойынша сүзу жасаңыз (керекті оқушы оқитын параллельді таңдаймыз)

3. Оқушылар тізіміне өту үшін қажетті сынып жолында, Толығырақ бағанындағы көрсеткішті басыңыз

4. Оқушылар тізімінде қажетті оқушыны таңдап, Толығырақ бағандағы көрсеткішті басыңыз 

5. Оқушының жеке ісінде Бағалар бөлімін таңдаңыз

6. Керекті кезеңді таңдаңыз (бағаларын көргіңіз келетін кезең)

7. Сізде таңдалған кезеңдегі барлық бағалар ашылды!


Бағаларды қалай жүктеп аламыз?

Оқушының жеке ісіндегі Бағалар бөлімінде керекті кезеңді таңдаймыз. Сосын, Барлық бағаларды жүктеу батырмасын басамыз.

Сізде таңдалған кезеңдегі барлық бағалары бар Excel файл ашылады. Әдепкі файл атауы оқушының аты-жөні және таңдалған кезең болады. Файлды жүктеулерден немесе браузердің соңғы жүктеулерінен іздеңіз.

Мақала сізге көмек болды ма?