Оқушымен байланыс - мұғалімнің немесе сынып жетекшінің BilimClass платформасы арқылы оқушымен байланысу мүмкіндігі.
1) Сол жақ мәзір → BilimClass → Оқушымен байланыс
2) Ашылған бетте Жаңа хабарлама батырмасын басамыз
3) Тізімде сіз хабарласқыңыз келетін оқушының сыныбын, кейіннен өзін таңдаңыз
4) Хабарламаны жазып, Хабар жіберу батырмасын басамыз
5) Сізде оқушымен диалог ашылады, онда сізге оқушы жіберген хабарлама мен хабарламаның жіберілген күні көрінеді. Сондай-ақ, хабарламаның бұрышындағы көрсеткішті басу арқылы хабарламаңызды жоюға болады.
6) Оқушылар тізімі бөлімінде cіз хабарласқан оқушылардың тізімі шығады. Керекті оқушымен диалогты аты-жөнінің үстінен басып аша аласыз.