BilimClass платформасына кіру үшін оқушыларға қолжетімділік (логин және пароль) беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1) Сол жақ мәзір → Мұғалімге → Оқушылар және сыныптар
2) Сіздің сыныптардың тізімі ашылды. Арасынан керекті сыныпты таңдап, соның бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басыңыз
3) Осы сыныптың оқушыларының тізімі ашылды. Тізімді жүктеп алу үшін, жоғарыдағы Excel-де жүктеу батырмасын басыңыз.
4) Файлды өз компьютеріңізде ашып, оқушыларға жеке-жеке логин және құпиясөздерін таратып шығыңыз.
Excel файлын жүктемей-ақ, қолжетімділікті қалай береміз?
1) Сол жақ мәзір → Мұғалімге → Оқушылар және сыныптар
2) Сіздің сыныптардың тізімі ашылды. Арасынан керекті сыныпты таңдап, соның бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басыңыз
3) Осы сыныптың оқушыларының тізімі ашылды.
4) Тізімнен керекті оқушыны таңдаймыз. Бағанда оның аты-жөнінің бойында оның логині көрінеді, оны көшіру белгішесін басу арқылы көшіріңіз. Құпиясөзді көшіру үшін жанындағы көз белгішесін басып, сосын көшіріп алыңыз. Әр оқушыға жеке жібереміз.