Енді әкімшілер оқу бағдарламаларындағы оқу кезеңдерін басқара алады, дәлірек айтқанда оқу кезеңдерін өзгерте алады, қосылған оқу кезеңдерін көре алады, жаңа кезеңдерді қосып, бар кезеңдерді жоя алады.
Оқу кезеңдерін басқару бөлімі қайда орналасқан?
1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқу бағдарламалары

2. Оқу жылы және параллель бойынша сүзу жасаймыз

3. Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басамыз

4. Керекті пәнді таңдап, Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басамыз

5. Сізде кезеңдерді басқару беті ашылды. Ол бетте кезеңді қосу батырмасы және қосылған кезеңдер туралы ақпарат жазылған кесте бар. Кесте келесі бағандардан тұрады:
кезең түрі және нөмірі
кезеңнің басталу күні
кезеңнің аяқталу күні
журнал статусы - журналға өту батырмасы бар
іс-әрекет - түзету және жою батырмалары бар

Оқу кезеңін қосу
1. Ашылған бетте Кезеңді қосу батырмасын басамыз

2. Ашылған бетте келесі ақпаратты толтыру керек:
Кезең түрі - сізге қажет кезең түрін таңдаңыз: тоқсан, жартыжылдық немесе жыл. Кейін, тоқсан немесе жартыжылдықтың нөмірін таңдаңыз.
Кезеңнің басталу күні - сіз қосқыңыз келетін кезеңнің басталу күні.
Кезеңнің аяқталу күні - сіз қосқыңыз келетін кезеңнің аяқталу күні.

Соңында Қосу батырмасын басуды ұмыптпаңыз.
Ескерту! Бұл журналға көрсетілген басталу күнінен бастап көрсетілген аяқталу күніне дейінгі сабақтар кіреді.
3. Сіз кезеңді сәтті қосытыңыз!

Ескерту! Егер жаңа қосылған оқу кезеңінде бағалары(ФБ/БЖБ/ТЖБ)/пікірлер/қатысулар бар сабақтар болса, онда осы кезеңнің журналында бұл сабақтар көрсетіледі.
Оқу кезеңін түзету
1. Бар кезеңді түзету үшін сізге қажет оқу бағдарламасын ашып, кезеңді таңдап, әрекет бағанындағы Түзету батырмасын басу керек.

2. Сізде кезеңнің басталу күні мен аяқталу күнін өңдеуге болатын терезе ашылады. Соңында Сақтау батырмасын басуды ұмытпаңыз.
Ескерту! Кезең түрі мен нөмірін өзгерту мүмкін емес.

Қосымша білім беру бөлімі арқылы оқу кезеңдеріне өтуге болады.
1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Қосымша білім беру

2. Қажетті қосымша білім беру тобын таңдап, оның бойында "Оқу кезеңін басқаруға өту" бағанындағы белгішені басыңыз.

Оқу кезеңін жою
1. Қажетті оқу кезеңін таңдап, соның бойындағы Жою батырмасын басу керек

2. Сізді өз әрекетіңізді растау керекті терезе ашылады. Жою батырмасын баспас бұрын, мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

Ескерту! Жоюдан кейін бағалар (ФБ,БЖБ,ТЖБ), пікірлер, қатысулар - жүйеде қалады, жойылмайды. Егер сіз осы сабақтарды қамтитын күндермен жаңа кезең қоссаңыз, онда жаңа кезең ішінде бағалар/пікірлер/қатысулапы бар сабақтар көрсетіледі. Бірақ қорытынды бағалар кезеңмен бірге жойылады.
Журнал жабық кезде кезеңді түзету және өңдеу
Журнал жабылған кезде кезеңді жою немесе түзету мүмкін емес. Ол уақытты жою және түзету батырмалары белсенді емес.
