KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Мектеп туралы жалпы мәліметтер

Соңғы өзгерістер: 03.09.2025

Мектеп туралы жалпы мәліметтер қайда орналасқан?

Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Мектеп баптаулары


Мектептің жалпы мәліметтерін өңдейік

1. Ашылған бетте Жалпы мәліметтер бөлімін таңдаймыз

2. Жалпы мәліметтер 3 блоктан тұрады:

1 блок - БСН, Мектеп атауы, Облыс, Аудан, Мектептің орналасқан жері. Бұл бөлімге түзетулер енгізу үшін, Көмек бөлімінде орналасқан байланыс арналарының біреуі арқылы Қолдау қызметіне хабарласу керек. 

2 блок - Табельдегі ақпарат. Бұл бөлімге түзетулерді сіз өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін Түзету батырмасын басыңыз. Енгізілген ақпарат барлық мектеп оқушыларының табельдерінде көрінеді. 

Түзетулерді енгізген соң Сақтау батырмасын басуды ұмытпаңыз.


3 блок - Журналға баға қоюға уақыт шектеулері. Ашылмалы бағыттауышты басу арқылы күндер санын таңдай аласыз. 

Ескерту! Бұл параметр мұғалімдердің журналға баға қою уақытына шектеу қою арқылы әсер етеді. Көрсеткіш күнтізбелік күндерде көрсетілген!

Мақала сізге көмек болды ма?