KAZ
  • KAZ
  • RUS

Журналдағы мәндер қалай есептеледі

Соңғы өзгерістер: 26.03.2025

Егер сіз журналдың соңына қарай жылжысаңыз, сізде қорытынды бағалар мен пайыздық мәндер туралы ақпарат шығады.

Пайыздық мәндер тоқсанға қалай есептеледі:

  • %(ФБ+БЖБ) = ((БЖБ бағаларының сомасы + ФБ сомасы) / (БЖБ-ға қойылатын максималды бағалардың сомасы + (Алынған ФБ саны * 10))) * 50

  • % ТЖБ = (ТЖБ бағаларының сомасы/ТЖБ бағаларының максималды сомасы) * 50

  • % Сома = %(ФБ+БЖБ) + % ТЖБ

  • Ұсынылатын бағаплатформа алдыңғы есептеулерге сүйене отырып есептейді.

  • Жиынтық баға - мұғалім қолмен қояды

Пайыздық мәндер жартыжылдыққа қалай есептеледі:

  • %(ФБ+БЖБ) =  ((БЖБ бағаларының сомасы + ФБ сомасы) / (БЖБ-ға қойылатын максималды бағалардың сомасы + (Алынған ФБ саны * 10))) * 100%

  • % БЖБ = сызықшалар, БЖБ бағасы есептелсе де санамаймыз

  • % Сома = %(ФБ+БЖБ)

Ұсынылатын баға - платформа алдыңғы есептеулерге сүйене отырып есептейді. 

Арнайы жағдай: топтар арасындағы ауыстыру

Оқушы тоқсан ішінде топтар арасында ауыстырылған жағдайда, оның ФБ сақталады, бірақ БЖБ мен ТЖБ тек жаңа топ бойынша қайта есептеледі:

  • Алдыңғы топтағы ФБ (формативті бағалар) есептеулерде ескеріледі және көрсетіледі.

  • Алдыңғы топтағы БЖБ мен ТЖБ есептеулерде ескерілмейді және интерфейсте көрсетілмейді.

Мақала сізге көмек болды ма?