Осы бөлімде сабақ кестесін автоматты түрде құру үшін кабинеттерді басқаруға және оларды пәндерге байланыстыруға болады.
Кабинеттерді баптау
Кабинетті құру немесе түзету кезінде Қолжетімді пәндер блогында тізімнен қажетті пәндерді белгілеуге немесе нөмірі, атауы немесе пәні бойынша іздеу арқылы табуға болады. Таңдалған пәндер саны тізімнің астында көрсетіледі («Таңдалған пәндер саны: N»), ал Барлығын тазалау сілтемесі таңдауды тазалайды.
Жұмыс логикасы:
- Егер пәндер таңдалса → кабинет тек сол пәндер үшін қолжетімді
- Егер тізім бос болса → кабинет әмбебап болып саналады (барлық пәндерге қолжетімді)
- Бір кабинет бірнеше пәнге тағайындалуы мүмкін
- Бір пән бірнеше кабинетте қолжетімді болуы мүмкін
Кабинет модулін қалай табуға болады?
Сол жақ меню → Мектепті басқару → Мектеп баптаулары

Кабинет құру
1. Кабинет бөлімінде Кабиинет құру батырмасын басамыз

2. Ашылған терезеде толтырамыз:
- Кабинет атауы — мысалы: Физика кабинеті
- Кабинет нөмірі — мысалы: 101
- Қолжетімді пәндер — осы кабинетте өтетін пәндерді таңдаңыз. Егер ешбір пән таңдалмаса, кабинет барлық пәндер үшін қолжетімді әмбебап болады.

3. Сақтау батырмасын басамыз. Құттықтаймыз! Кабинет тізімге қосылды.
Кабинетті түзету
1. Түзету белгішесін басамыз

2. Ашылған «Кабинетті түзету» терезесінде кабинеттің атауын, нөмірін және қолжетімді пәндерін өзгертуге болады — пәндерді таңдау логикасы құру кезіндегідей.

3. Сақтау батырмасын басамыз.
Кабинетті өшіру
1. Өшіру батырмасын басамыз

2. Әрекетімізді растаймыз

Қосылған кабинеттерды қалай қолданамыз?
Сіз қосқан кабинеттер кестелерде қолданылады. Сабақ кестесіне сабақтар қосқан кезде, сол сабақ өтетін кабинетті белгілеу керек.
