Қосымша білім беру модулін қалай табамыз?
Сол жақ меню → Мектепті басқару → Қосымша білім беру
Сізде қосымша білім алу үшін құрылған топтардың тізімі орналасқан бет ашылды.
Кесте 6 бағаннан тұрады:
Топтың атауы
Мұғалім
Оқушылар саны
Жоспарланған саған саны
Нақты сағат саны
Іс-әрекет - оқушылар тізіміне өту, топты түзету, топты жою
Топты құру
Топтарды құру, түзету, жою мүмкіншіліктері тек әкімшілерде бар.Топ мұғалімі ретінде тағайындалған мұғалімдер өз тобына өзгерістер енгізе алады.
1. Топ қосу батырмасын басамыз
2. Толтырылуы керекті 11 терезе ашылды:
Топтың атауы
Вариативті компоненттің түрін таңдау
Қорытынды бағалау түрі
Қорытынды бағалау кезеңі
Оқу тілі
Мұғалім
Топты енгізу күні
Жоспарланған сағат саны
Күн тәртібі
Бұйрық нөмірі
Бұйрық күні
Барлық терезелерді толтырып, Қосу батырмасын басамыз
3. Сіздің тобыңыз тізімде шықты
Енді бұл топ кестелерде, КТЖ-да, журналдарда және оқу бағдарламаларында қолжетімді.
Топты түзету
1. Іс-әрекет бағанындағы Түзету белгішесін басамыз
2. Түзетулерді енгіземіз → Өзгерту
Топты жою
Топты жою үшін алдымен барлық оқушыларды топтан шығару керек. Топтағы барлық оқушыларды шығарнаннан кейін ғана топты жою батырмасы белсенді болады.
1. Іс-әрекет бағанында Жою белгішесін басамыз
2. Іс-әрекетімізді растаймыз
Топқа оқушыларды қосу
1. Іс-әрекет бағанындағы белгішені басыңыз
2. Cіз топқа сыныпты немесе оқушыны қоса аласыз
3. Сыныпты қосу батырмасын басамыз → Сынып туралы ақпаратты енгізу керек 4 терезені толтырамыз
4. Сізде сыныптағы оқушылардың тізімі шығады, керектісінің жанына құсбелгі қойыңыз
5. Енді бөлек оқушыны қосып көрейік → Оқушыны қосу батырмасын басамыз
Ескерту! Бұл функция бір топқа әр түрлі сыныптардан оқушыларды қосуы керек мұғалімдерге пайдалы болады.
6. 5 терезені толтырамыз, оқушыны таңдаймыз → Қосу
Ескерту! Бұйрық нөмірі мен күні жайлы ақпаратты толтыру міндетті емес.
7. Құттықтаймыз! Сіздің тобыңыз қалыптасты.
Оқушыны топтан шығарып тастау
1. Оқушыны шығарып тастау батырмасын басамыз
2. 4 терезені толтырамыз және Қателікке байланысты шығарып тастау жазуының жанына
егер сіз оқушының тізімде көрінбеуін қаласаңыз және оқушының қозғалысында ол осы топта болғаны көрінгенін қаламасаңыз, құсбелгіні қойыңыз.
егер сіз оқушының тізімде шығарып тасталынуы жайлы ақпаратпен бірге көрінгенін қаласаңыз, құсбелгіні қоймаңыз .
Қосымша білім беру бөліміндегі әр топ үшін жеке КТЖ, журнал және кесте автоматты түрде құрылады. Оларды кейін өзіңіз толтыру керек боласыз.
Қосымша білім беру топтары үшін КТЖ-ны қалай табамыз
1. Сол жақ меню → Мұғалімге → КТЖ
2. Менін КТЖ-ларым бөлімін таңдаймыз → параллель бойынша сүзуде ең соңғы нұсқа ол қосымша білім беру, соны таңдаймыз
3. Сіз жүргізетін топтардың тізімі ашылады, солардың арасынан керегін таңдап, Іс-әрекет бағанындағы белгішені басу арқылы сіз сол топқа КТЖ құра аласыз.
Қосымша білім беру топтарының журналын қалай табамыз
1. Сол жақ меню → Bilimclass → Журнал
2. Параллель бойынша сүзуде ең соңғы нұсқа ол қосымша білім беру, соны таңдаймыз
3. Ашылған тізімде керектіні таңдаймыз → Толығырақ
4. Пәнді таңдаймыз → Толығырақ
5. Құттықтаймыз! Сізде қосымша білім беру тобының журналы ашылды.
Қосымша білім беру топтарының сабақ кестесін қалай табамыз
1. Сол жақ меню → Мектепті басқару → Сыныптардың кестесі
2. Параллель бойынша сүзуде ең соңғы нұсқа ол қосымша білім беру, соны таңдаймыз
3. Тізімде қажетті топты таңдап, Толығырақ батырмасын басамыз
4. Құттықтаймыз! Сізде қосымша білім беру тобының сабақ кестесі ашылды.