KAZ
  • KAZ
  • RUS

КТЖ-мен жұмыс

Соңғы өзгерістер: 10.12.2024

Керекті КТЖ-ны қалай табамыз?

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ

2. Қажетті параллель мен пәнді таңдаңыз → әрекет бағанындағы белгішені басыңыз

Аяқталған пәндерді көрсету

Параллельдер мен пәңдердің сүзгілерінің жанында "Толық көрсету" батырмасын көресіз.

Егер құсбелгі қосылған болса, тізімде белсенді және аяқталған пәндер көрсетіледі.

Пән келесі жағдайларда аяқталған болып саналады:

  1. Пәннің барлық тоқсандық журналдары жабылуы керек.

  2. Жылдық бағалар қойылуы тиіс.

  3. Жылдық журнал жабылған болуы қажет. 

Егер құсбелгі қосылмаған болса, тек белсенді пәндер көрсетіледі.

3. Тоқсан бойынша сүзу жазаймыз

    Сізге керекті сыныптың таңдалған тоқсандағы КТЖ-сы ашылды!

    Ескерту! Әкімші сыныптың кестесінде сізге сабақ тағайындаған жағдайда, сіздің КТЖ-да автоматты түрде сол сынып пен пән шығады.


    КТЖ-ны толтырамыз

    Сабаққа тақырып қосамыз

    Қажетті күн жолында Тақырыпқа арналған терезе бар. Онда сабақтың тақырыбын жазыңыз.


    Егер сіз 1 сабақта бірнеше тақырып өтетін болсаңыз:

    1. Тақырып санын жазыңыз

    2. Тақырып терезесінде тақырыптарды келесідей жазамыз:

    1. Логарифмдер

    2. Теңеулер мен теңсіздіктер




    Сабақ түрін таңдаймыз

    Ашылмалы терезеде сізге сәйкес келетін сабақ түрін таңдаңыз:

    • Қарапайым сабақ

    • БЖБ

    • ТЖБ


    Үй тапсырмасын құру

    1. Құру батырмасын басамыз


      2. Тапсырманы орындаудың соңғы мерзімін таңдаймыз


        3. Тапсырманың өзін енгіземіз


          4. Қосымша файлдар болса жүктейміз → Жіберу батырмасын басамыз


            БЖБ/ТЖБ үшін максималды ұпайды енгізу

            1. БЖБ/ТЖБ сабақ түрін таңдаймыз


              2. Максималды ұпайды енгіземіз → Ақпарат сақталу үшін, осы беттің кез-келген бос жеріне басамыз


                Мақала сізге көмек болды ма?