Журнал бөлімін қалай табамыз?
- Сол жақ меню → BilimClass → Журнал

- Қажетті сыныпты және оқыту тілін таңдаңыз.

- Сыныптың қарсысындағы Толығырақ → батырмасын басыңыз.

- Қажетті пәнді таңдаңыз → Толығырақ → батырмасын басыңыз.
- Журнал ашылғаннан кейін жоғарғы бөліктен қажетті тоқсанды таңдаңыз.

Таңдалған пән мен тоқсан бойынша қажетті сыныптың журналы ашылады.
Журнал қандай блоктардан тұрады?
Журнал бірнеше негізгі блоктан тұрады. Әр блок мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге арналған.
1. Пәнді жүргізетін мұғалімдер
Жоғарғы бөлікте осы сыныпқа таңдалған пәнді жүргізетін мұғалімдер көрсетіледі.
Бұл блок «Пән мұғалімдерін көрсету» опциясы қосылған кезде көрінеді.

2. Оқушылар тізімі
Кестенің сол жағында таңдалған сыныптың оқушылар тізімі орналасқан.
Әр оқушының қатарында:
- бағалар
- сабаққа қатысу
- жиынтық бағалар көрсетіледі.

3. Сабақтар блогы
Журналдың жоғарғы бөлігінде сабақтар туралы ақпарат көрсетіледі:
- Айы
- Сабақ өткізілген күні
- Сабақты растау батырмасы
- Бүкіл сыныпқа баға қою батырмасы
- Сабақ мәртебесі

4. Журналдың белсенді аймағы
Бұл – негізгі жұмыс аймағы.
Осы жерде:
- бағалар қойылады,
- сабаққа қатысу белгіленеді,
- пікір жазылады.
Баға мен қатысу бір терезеде қойылады.

5. «Кезең бойынша бағаны есептеу» блогы
Журналдың оң жағында автоматты есептеу блогы орналасқан.
Көрсетілетін мәндер:
- %ФБ = (ФБ жиыны / (ФБ саны * 10)) * 25
- %БЖБ = (БЖБ ұпайларының сомасы/ БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 25
- %ТЖБ = (ТЖБ ұпайларының сомасы/ТЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы ) * 50
- % Сома = %(ФБ+БЖБ) + % ТЖБ
- Ұсынылатын баға - платформа алдыңғы есептеулерге сүйене отырып шығарады. Кестедегі % Сома өрісі арқылы анықталады
- Жиынтық баға - мұғалім қолмен қояды

Сабақты қалай өткіземіз?
Баға қоюдан бұрын міндетті түрде сабақты растау қажет.
⚠ Сабақ расталмайынша бағалар енгізу мүмкін емес!
- Қажетті күнді табыңыз.
- Күн жолындағы сабақты растау белгішесін басыңыз.

- Ашылған терезеде мәліметтерді тексеріңіз:
- сынып
- пән
- топ (бар болса)
- күн және уақыт

- Келесі жолға белгі қойыңыз:
«Мен деректердің дұрыстығын растаймын және бұл сабақты өзгерту мүмкін болмайтынын түсінемін» - Жіберу батырмасын басыңыз.
Сабақты растағаннан кейін өзгерту мүмкін болмайды!!!
Сабақ расталғаннан кейін:
- баға қою қолжетімді болады
- сабаққа қатысуды белгілеуге болады
Баға және сабаққа қатысуды белгілеу
- Оқушының қажетті күніндегі ұяшықты басыңыз.
- Ашылған терезеде:
- Баға қойыңыз (немесе «Баға жоқ» қалдырыңыз)

- Сабаққа қатысу статусын таңдаңыз:

Статустар:
- Қатысты - оқушы сабаққа қатысты
- Егер оқушы сабаққа қатыспаған болса, келесі мәндердің бірін таңдаңыз:
- Себепті - оқушы сабаққа себеппен келмеді
- Ауырды - оқушы ауырғанына байланысты келмеді
- Себепсіз - оқушы сабаққа себепсіз қатыспады
Қажет болса пікір жазыңыз.
3. Сақтау батырмасын басыңыз.
Бұл әрекетті барлық оқушылар үшін қайталаңыз.
Бүкіл сыныпқа баға қою
- Күннің жоғарғы жолындағы ұяшықты басыңыз.

- «Бүкіл сыныпқа баға қою» терезесі ашылады.

- Бағаны таңдаңыз.
- Қажетті оқушыларды белгілеңіз немесе «Барлығын таңдау» батырмасын басыңыз.
- Жіберу батырмасын басыңыз.
БЖБ / ТЖБ бағаларын қою
- БЖБ немесе ТЖБ бағанындағы ұяшықты басыңыз.

- Бағаны енгізіңіз.


- Қажет болса пікір қосыңыз.
- Жіберу батырмасын басыңыз.
Максималды балл бағалау баптауларында көрсетіледі.
Қосымша мүмкіндіктер
Пән мұғалімдерін көрсету – пәнді жүргізетін барлық мұғалімдерді көрсетеді.
Тек БЖБ, ТЖБ және Жиынтық бағаларды көрсету – күнделікті бағаларды жасырады.
Журналды толық экранға ашу – үлкен мониторда жұмыс істеуге ыңғайлы.

Журналды жүктеу – журналды файл ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
Басқа журналға өту – басқа сыныптың немесе пәннің журналына жылдам ауысу.
КТЖ-ға өту – осы пән мен сынып бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға өту.
