KAZ
  • RUS
  • KAZ

Сыныптардың кестелерімен жұмыс жасау

Соңғы өзгерістер: 02.10.2024

Сыныптардың кестелерін қалай табамыз?

Сол жақ меню → Мектепті басқару → Сыныптардың кестесі


Керекті сыныпты іздейміз

Параллель бойынша сүзу жасаңыз → Тізімнен қажетті сыныпты таңдаңыз → Толығырақ батырмасын басыңыз




Кестемен жұмыс жасау

Сабақтарды қосу

1) Тоқсан және апта бойынша фильтрация жасаймыз


    2) Ашылған кестеде керекті күн мен уақытты таңдаймыз → Ұяшықта + белгісін басамыз


    3) Ашылған терезеде 4 жолды толтырамыз → Сақтау батырмасын басамыз

      • Сабақ ретінде қосықыңыз келетін пәнді таңдаңыз

      Ескерту! Егер сізде таңдауға пәндер шықпаса, сізге бұл сыныпқа оқу бағдарламасын құру керек.

      • қажетті топты немесе бүкіл сыныпты таңдаңыз

      • осы пәнді жүргізетін мұғалімді таңдаңыз

      Ескерту! Бұл сабақ белгіленген мұғалімнің КТЖ-да көрінеді.

      • сабақ өтетін кабинетті таңдаңыз

      Осы іс-әрекетті қайталау арқылы, кестеге сабақтарды қоса аласыз.

      4) Сабақтың оң төменгі бұрышындаңы белгілерді басу арқылы, сабақты өңдей аласыз және жоя аласыз.



        Сабақтарды апта ішінде көшіру

        Қажетті сабақты таңдаңыз → жоғарғы оң жақ бұрыштағы көк белгішені басыңыз → қажетті уақытқа бағыттаңыз → сол ұяшықтың үстінен басыңыз.

        Ескерту! Көшіруді аяқтағаннан кейін көшіру режимін өшіру үшін көк белгішені қайтадан басыңыз.


        Кестені басқа апталарға көшіру

        1) Қажетті кестені таңдаңыз (тоқсанды, аптаны таңдаңыз) → Кестені көшіру батырмасын басамыз;


          2) Ашылған терезеде сіз көшірілген кестені қойғыңыз келетін тоқсан мен апта туралы мәліметтерді енгізіңіз → Растау

          3) Егер сіз осы кестені тоқсанның барлық апталарына қойғыңыз келсе, "Барлық аптаға көшіру" жазуының жанындағы құсбелгіні басыңыз → Растау

          Ескерту! Кесте ағымдағы аптадан таңдалған аптаға көшіріледі. Таңдалған аптадағы кестені көшіру кезінде кесте толығымен жойылады, содан кейін ағымдағы кестеден көшіріледі. Сабақтар КТЖ-дағы тақырыптарымен бірге жойылады. Өткен және басталған сабақтарды жою мүмкін емес.

          Ескерту! Егер алдағы апталарда сізде кейбір ұяшықтарда сабақтар болса, онда осы аптаның кестесін көшірген кезде, осы күндердегі сабақтар бір-бірінің үстінен қойылады, ондағы керек емес сабақты өзіңіз өшіру керек боласыз.

          Кестені қалай тазартамыз?

          1) Үстіңгі панельде Кестені тазарту батырмасын басамыз



          2) Іс-әрекетемізді растаймыз

          Ескерту! Өткізілген сабақтардан басқа барлық сабақтар КТЖ-дағы тақырыптарымен бірге жойылады. Өткізілген сабақтар кестеде қалады (олар жасыл түспен белгіленген).

           

          Өткізілген сабақты кестеден қалай өшіреміз?

          1) Кестеде өткізілген сабақты таңдаймыз (олар жасыл түспен белгіленген).

          2) Сабақтың төменгі оң жақ бұрышындағы қызыл белгішені басамыз.

          3) Іс-әрекетемізді растаймыз.

          Ескерту! Сабақ және сабаққа қатысты барлық субъектілер біржола жойылады: тақырып, БЖБ немесе ТЖБ үшін максималды балл, осы сабақта берілген үй тапсырмасы, берілген үй тапсырмасына оқушылардың жауаптары, интерактивті сабақпен байланыс, бағалар, қатысу белгілері, түсініктемелер.

          4) Сабақты жою батырмасын басамыз.




          Кестелермен жұмыс жасау туралы бейненұсқаулық

            Мақала сізге көмек болды ма?