KAZ
  • RUS
  • KAZ

Оқу бағдарламаларымен жұмыс жасау

Соңғы өзгерістер: 28.05.2024

Bilimclass платформасындағы оқу бағдарламалары - бұл жыл бойына белгілі бір сыныпта оқуға жоспарланған пәндердің тізімі.

Ескерту! Оқу бағдарламалары 1 жылға жасалады.


Оқу бағдарламаларын қалай табамыз?

Сол жақ меню → Мектепті басқару → Оқу бағдарламалары

Ескерту! Оқу бағдарламаларын тек әкімшілер жасай алады.



Оқу бағдарламасын құраймыз

1) Оқу кезеңі мен параллель бойынша сүзу жасаймыз


    2) Қажетті сыныпты таңдап, Іс-әрекет бағанындағы көрсеткіш арқылы сол сыныпқа өтеміз


      3) Пәнді қосу батырмасын басамыз


        4) Сізде толтырылуы қажет 10 ақпараттық баған ашылады → Қосу батырмасын басыңыз


          Оқу дисциплинасын таңдаңыз - оқу пәнінің форматын анықтау қажет. Пәндер - олардың инвариативті компонентінің элементтері. Факультативтер - вариативті компоненттің элементтері.

          Пәннің қысқаша атауы - пәннің атауын жазу керек.

          Қорытынды бағалау түрі - осы пәнде қорытынды бағалаудың қандай түрі болатынын таңдау керек. Бағалау жоқ - пән бойынша кезең соңында бағалау жоқ. Жиынтық баға - пән бойынша кезеңнің соңында бағалау бар. Сыналды/Сыналған жоқ - кезеңнің соңында осы пән бойынша Сыналды/Сыналған жоқ бағалау өлшемдерінің бірі қойылады.

          Қорытынды бағалау кезеңі - қорытынды баға қойылатын кезеңді таңдаймыз. Тоқсан - қорытынды баға әр тоқсан соңында қойылады. Жарты жылдық - қорытынды бағалау әр жарты жылдық сайын жүргізіледі.

          Ескерту! Бастапқыда қорытынды бағалаудың түрі мен кезеңін дұрыс көрсету өте маңызды.


          Емтихан бар - Пәнде бағалау жоқ болса немесе бағалау түрі Сыналды/Сыналған жоқ болса, онда сізде автоматты түрде Жоқ варианты таңдалады. Егер сізде бағалау бар болса, Иә нұсқасын таңдаңыз.

          Табельде көрсетіледі - бұл пән оқушының табелінде көрсетіледі ме.

          Табельдегі пән түрі - бұл пән табелде Негізгі пән ретінде ме, әлде Таңдау пәні ретінде көрсетіледі ме.

          Есепте көрсетіледі - егер пән бойынша білім сапасын есептеу жоспарланса Иә жауабын таңдаймыз. Пән сапасы есептелмейтін болса, Жоқ жауабын таңдаймыз.

          Жоспарланған сағат саны - бір жылда бұл пәннің неше сағатын өткізу жоспарланған.

          5) Пән бағдарламаға сәтті қосылды. Қажетті пәндердің барлығын қосу арқылы, сіз Оқу бағдарламасын құрасыз.

            Ескерту! Оқу бағдарламасына пәндерді қосқаннан кейін, бұл пәндер сабақ кестесіндеі пәндер тізімінде көрсетіледі.


            Оқу бағдарламасында пәнді өзгерту


            Пәнді өзгерту
            Пәнді мұрағаттау
            Пәнді жою




            Ескерту! Егер сабақ кестесінде қосылған пән бойынша сабақтар болмаса, онда жою түймесі сізге қол жетімді болады. Егер сабақ кестесінде қосылған пән бойынша сабақтар болса, сіз оқу бағдарламасындағы пәнді жоя алмайсыз.


            Мақала сізге көмек болды ма?