Сіз сынып құру кезінде сынып жетекшісін тағайындай аласыз, сонымен қатар сынып құрылғаннан кейін оны өзгерте аласыз.
Жаңа сынып құру кезінде сынып жетекшісін тағайындау
1) Сол жақ мәзірден Мектепті басқару ⇒ Оқушылар және сыныптар бөлімдерін таңдаңыз;
2) Ашылған панельде "Сыныпты қосу" батырмасын басыңыз;
3) Сізде толтыруы қажет бірнеше ұяшықтары бар терезе ашылады. Солардың арасында Сынып жетекшісі ұяшығы да бар, сол ұяшықтан қажетті мұғалімді таңдап, атының үстінен басыңыз;
4) Сынып жетекшісі таңдалған соң, Сақтау батырмасын басуды ұмытпаймыз;
5) Сіз осы сыныпқа сынып жетекшісін сәтті тағайындадыңыз!
Сынып жетекшісін өзгерту
1) Тізімде қажетті сыныпты таңдап, сол жолдағы түзету батырмасын басыңыз;
2) Ашылған терезеде Cынып жетекшісі бағанында, кімге ауыстырғымыз келетінін таңдап, сол мұғалімнің атының үстінен басыңыз;
3) Сақтау батырмасын басыңыз;
4) Құттықтаймыз! Сіз сынып жетекшісін сәтті ауыстырдыңыз.