Бұл мақалада біз Bilimclass платформасында сыныпты қалай дұрыс қосу және жою керектігін талдаймыз.
Сыныпты қалай қосады?
1) Сол жақ мәзірден Мектепті басқару ⇒ Оқушылар және сыныптар бөлімдерін таңдаңыз;

2) Ашылған панельде "Сыныпты қосу" батырмасын басыңыз;

3) Сізде келесі 5 толтыруы қажет ұяшықтары бар терезе ашылады:
Параллель
Литера (А,Ә,Б,В)
Оқу тілі (қазақ, орыс, өзбек, тәжік)
Сынып жетекшісі
Күн тәртібі (оқу ауысы)
Ескерту! Мектепте "Параллель, литера, оқу тілі" мағыналары бірдей 2 сынып болуы мүмкін емес.

4) Барлық ұяшықтарды сәтті толтырғаннан кейін Сақтау батырмасын басыңыз.

5) Жаңа сынып сәтті қосылды, оны сыныптар тізімінен көре аласыз.
Сыныпты қалай жояды?
1) Сол жақ ашылмалы мәзірден Мектепті басқару ⇒ Оқушылар және сыныптар бөлімдерін таңдаңыз;

2) Қажетті сыныпты іздеу ⇒ жылдамырақ табу үшін параллельдер бойынша сүзу жасауға болады

3) Қажетті сыныпты тапқаннан кейін, осы сыныптың жолындағы Жою белгішесін басыңыз;

Ескерту! Егер жою белгішесі белсенді болмаса, онда сыныпта оқушылар бар. Егер сыныпта оқушылар болса, сіз ол сыныпты жоя алмайсыз. Белгіше белсенді болуы үшін сыныпты келесі әдістердің бірімен тазалау керек:
Барлық оқушыларды басқа сыныптарға ауыстыру;
Барлық оқушыларға Кету әрекетін жасау.
Бұдан бөлек, сыныпты жою үшін оның кестесінде жоспарланған сабақтардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Егер сыныптың кестесінде жоспарланған сабақтар қалса, жүйе келесі хабарламаны көрсетеді:
"Сыныпты жою мүмкін емес, себебі оның кестесінде жоспарланған сабақтар бар. Алдымен болашақ сабақтарды өшіріп, содан кейін сыныпты қайта өшіріп көріңіз."
Сыныпты сәтті жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
Сыныптың кестесіне өтіңіз.
Егер болашақ сабақтар болса, оларды жойыңыз.
Барлық сабақтарды жойғаннан кейін сыныпты қайтадан өшіріңіз.
4) Ашылған терезеде бұйрықтың нөмірі, бұйрықтың күні (сыныпты тарату туралы бұйрық) жолдарын толтырып, Жіберу батырмасын басамыз;

5) Сіз сыныпты сәтті жойдыңыз.