Егер де сіз, журналды жауып, бірақ оқушыға БЖБ/ТЖБ бағаларын қойып үлгермесеңіз, бұл мақала сізге арналады.
1-қадам. Қажетті журналды іздеу (қажетті журналды 2 тәсілмен табуға болады)
1-тәсіл
1) Сол жақтағы ашылмалы мәзірде Bilimclass бөлімін басыңыз ⇒ Журнал бөлімін таңдаңыз;
2) Қажетті параллельді таңдаңыз;

3) Қажетті сынып жазылған жолды іздеп, Толығырақ бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

4) Сізде осы сынып өтетін пәндердің тізімі шығады. Қажетті пәннің жолындаға Толығырақ көрсеткісін басыңыз;

5) Қажетті оқу кезеңін таңдаңыз;

6) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезеңде сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.
2-тәсіл
1) Сол жақтағы ашылмалы мәзірде Мониторинг ⇒ Пәндердің қорытылуы бөлімдеріне кіріңіз;
2) Оқу жылы, оқу кезеңі бойынша сүзгілеу жасап, қажетті кезеңді таңдаңыз;

3) Қажетті параллельді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

4) Қажетті сыныпты таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

5) Қажетті пәнді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

6) Қажетті оқу кезеңін және топты таңдаңыз (бар болса);

7) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезең мен пән бойынша, сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.
2-қадам. Бағаларды жабық журналға қоямыз
1) Қажетті оқушыны табыңыз және оның БЖБ/ТЖБ бағанынан келесі белгішені басыңыз;

2) Ашылған терезеде баға қойып ⇒ Жіберу ⇒ Сақтау;


Ескерту! Жабық журналда БЖБ/ТЖБ бағасын тек 1 рет қоюға болады.
Ескерту! БЖБ/ТЖБ бағаларын қойғаннан кейін, соңғы бағандағы оқушының қорытынды бағасын өзгерту қажет болса, мұны келесі өңдеу белгішесін басу арқылы жасауға болады.

Жабық журналда БЖБ/ТЖБ бағаларын қалай қоюға болатындығы туралы бейнебаянды қараңыз
