KAZ
  • RUS
  • KAZ

Сынып бойынша үлгерім - Қолдану нұсқаулығы

Соңғы өзгерістер: 08.12.2023

Үлгерім кестесі жайлы жалпы ақпарат

Сынып бойынша үлгерім кестесі оқу кезеңдерінің (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) нәтижелері бойынша сізге қажетті сыныптың оқушыларының үлгерімі мен білім сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл кесте сынып жетекшілерге өз сыныбы туралы ақпаратты қарауға, мектеп басшысы не меңгерушісіне талдау және бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған.

*Таңдалған оқу кезеңі үшін барлық пәндер бойынша қорытынды бағалар қойылғаннан кейін ғана “Сынып бойынша үлгерім” кестесі автоматты түрде толтырылады.

Сынып бойынша үлгерім бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-groups


Сынып бойынша үлгерім кестесін құру

Үлгерім кестесін құру үшін жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету қажет.

  • оқу жылы;

  • оқу кезеңі;

  • керекті сынып;

  • керекті сыныпты таңдаған соң есеп құрылады.


Сынып бойынша үлгерім: 1-бөлім

Бұл бөлім 8 ақпараттық жолдардан тұрады. Олар:

1. оқу жылы;

2. кезең (тоқсан нөмірі, жартыжылдық, жылдық);

3. сынып;

4. орташа баға

    Есептелу жолы: Сыныптағы барлық оқушылардың орташа бағаларының қосындысы / оқушылардың саны = сыныптың орташа бағасы;

    5. сыныптағы білім сапасы (%)

      Есептелу жолы: (оқу озаттарының саны+екпінділер саны)*100% / жалпы оқушылар саны = сыныптағы білім сапасы

      6. сынып үлгерімі (%)

        Есептелу жолы: ((оқу озаттарының саны + екпінділер саны+үлгерушілер саны+аттестатталмағандар саны)/жалпы оқушылар саны)*100%

        7. пәндер бойынша білім сапасы (%)

          Есептелу жолы:  №1 пән бойынша білім сапасы+№2 пән бойынша білім сапасы+№3 пән бойынша білім сапасы…) / жалпы пәндер саны = пәндер бойынша білім сапасы

          8. кезең соңындағы студенттер саны.


            Сынып бойынша үлгерім: 2-бөлім

            Бұл бөлім келесі бағандардан тұрады:

            • Аты-жөні;

            • Пәндердің атаулары; Пәндердің атаулары тұрған бағандардың астында, белгіленген кезеңде оқушыға қойылған қорытынды баға жазылып тұр.

            • Орта балл; Есептелу жолы: Барлық пәндердің қорытынды бағаларының қосындысы / пәндердің саны = орта балл.


            Сынып бойынша үлгерім: 3-бөлім

            3-ші бөлім келесі ақпараттық жолдардан тұрады:

            • Пән бойынша орта балл

            Есептелу жолы: Барлық оқушылардың белгілі бір пәннен алған қорытынды бағаларының қосындысы / оқушылар саны = Пән бойынша орта балл

            • Пән бойынша білім сапасы %

            Есептелу жолы: (Белгілі бір пән бойынша “5” бағасын алғадар саны + “4” бағасын алғандар саны + “3” бағасын алғандар саны) / жалпы оқушылар саны* 100% = Пән бойынша білім сапасы %


            Сынып бойынша үлгерім: 4-бөлім

            Үлгерім 

            Үлгерім бағаны 2 ақпараттық жолдардан тұрады. 

            Біріншісі:

            Оқу озаты - барлық пәндерден қорытынды бағалары “5” болған оқушы;

            Екпінділер - барлық пәндерден қорытынды бағалары “4” болған немесе бір ғана пәннен “4” алған оқушы;

            Үлгерушілер - барлық пәндерден қорытынды бағалары “3” болған немесе бір ғана пәннен “3” алған оқушы;

            Үлгермеуші - барлық пәндерден қорытынды бағалары “2” болған немесе бір ғана пәннен “2” алған оқушы;

            Аттестатталмады - белгілі бір себептер бойынша аттестатталмаған оқушы.


            Екіншісі:

            Барлығы - оқушылар барлық пәннен бірыңғай “5”, “4”, “3”, “2” бағаларының біреуін алды.

            Бір пән бойынша “3” - оқушы тек бір пәннен ғана “3” алғандықтан үлгерушілер тізіміне кірген кез.

            Бір пән бойынша “4” - оқушы тек бір пәннен ғана “4” алғандықтан екпінділер тізіміне кірген кез.

            Аттестатталмады - оқушы белгілі бір себептермен аттестатталмаған.

            Саны - белгіленген категорияға (оқу озаты, үлгерушілер, екпінділер) жататын оқушылар саны.

            % сыныпта - Үлгерім категориясына жататын оқушылардың, жалпы сынып оқушыларына қатысты үлесі.

            Есептелу жолы:

            сыныптағы кезең соңындағы жалпы оқушылар саны - 100%

            керекті категориядағы оқушылар саны - N (% сыныпта)

            N = керекті категориядағы оқушылар саны*100% / сыныптағы кезең соңындағы жалпы оқушылар саны

            Мақала сізге көмек болды ма?