KAZ
  • RUS
  • KAZ

Облыс және аудан әдіскерлері үшін кезеңді бағалау мониторингі

Соңғы өзгерістер: 30.10.2023

Облыс және аудан әдіскерлері үшін кезеңді бағалау мониторингі

Егер Сіз облыс немесе аудан әдіскері болсаңыз, онда Сіз өз облысыңыздың немесе ауданыңыздың "1-кезең" пәндері бойынша қорытынды бағалардың қойылуын қадағалауыңыз кажет.

Кезеңді бағалау 2 қадамнан тұрады: 

  • 1-кезең (есептік пәндер бойынша қорытынды бағалардың қойылуы);

  • 2-кезең (есептік пәндерден өзге барлық пәндер бойынша қорытынды бағалардың қойылуы).

Осы мақалада сипатталған функционалдың аясында Сіз "1-кезең" бойынша пәндердің қорытылуын бақылайтын боласыз. 

Мониторингті бастау үшін:

  1. Bilimclass.kz платформасына логин мен құпиясөз арқылы кіріңіз.

  2. Сол жақ мәзірде "Мониторинг" модуліне өтіп, "Пәндердің қорытылуы" бөлімін таңдаңыз.

  3. Сізге облыстағы аудандар тізімі немесе аудандағы мектептер тізімі және олардың "1 кезең" пәндерін қорыту мәртебесі көрінеді (Назар аударыңыз: облыс деңгейіндегі деректер сағат сайын жаңартылады).

  4. Әр ауданда немесе мектепте кезеңді қорытындылау бойынша мәретебелері көрсетіледі. Мәртебе түрлері:

    1. Басталмады

    2. Жасалынуда

    3. Аяқталды

  5. Сіздің міндетіңіз - мектептердің кезеңді бағалауды аяқтауын бақылау;

  6. Барлық аудандардың және мектептердің мәртебесі "Аяқталған" болуы керек;

  7. Сіз ауданға өтіп, мектептердің тізімін көре аласыз: (Назар аударыңыз: аудандар бойынша кезеңді бағалау ақпараттары сағат сайын жаңартылады);

    1. Ауданға өту арқылы әр мектептің кезеңді қорытындылау бойынша деректерін көруге болады (Назар аударыңыз: мектептер бойынша кезеңді бағалау ақпараттары сағат сайын жаңартылады);

    2. Қажет мектепті таңдап, мектепке өтіп, мектептегі әрбір параллель бойынша журналдың жабылуы туралы ақпараттарды көруге болады (Назар аударыңыз: мектеп бойынша ақпарат бірден жаңартылады);

    3. Тиісті параллель ішіне өтіп, жеке сыныптар бойынша кезеңді қорыту мәртебелерін көре аласыз;

    4. Сыныпты таңдап, әрбір пәннің қорытылу мәртебесін көре аласыз;

    5. Қажет пәнге өтіп, сол пәннің журналына өтуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, журналды жапқан мұғалім туралы ақпарат көрсетіледі. 

8. Сіздің облысыңыздың немесе ауданның барлық мектептері "1-кезең" бойынша журналдарды жапқаннан кейін, сіз облыс немесе аудан бойынша білім сапасын есептей аласыз.

Назар аударыңыз!

Егер мектептің барлық журналдары жабылған, бірақ мектептің мәртебесі әлі де "Жасалуда" болса, онда бұл мектеп "1-кезеңді" аяқтаған, бірақ мектеп әкімшісі "Білім басқармасына деректерді жіберу" батырмасын баспағанын білдіреді.

Мектеп әкімшісіне хабарласып, "Деректерді Білім басқармасына жіберу" батырмасын басуын сұраңыз. 

Назар аударғаныңыз үшін рақмет!

Мақала сізге көмек болды ма?